Жаңа модификациядағы мұражай экспозициясы

Жаңа модификациядағы мұражай экспозициясы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Солтүстiк Қазақстан облысындағы мектеп мұражайларын дамыту Тұжырымдамасы әзiрлендi. Соңғы үш жылда мұражайлар саны 179-дан 413-ке дейiн өстi. Бұл өлкетану жұмысына 2 мыңнан астам оқушыны тартуға мүмкiндiк бердi.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Парасат» қазақ орта мектебiнде жаңа үлгiдегi мұражай экспозициясы орнатылды. Бұл мектеп мұражайы ауыл, аудан және облыс тарихының барлық кезеңдерiн қамтиды: ежелгi әлемнен қазiргi уақытқа дейiн.

Өлкетану мұражайы үшiн экспанаттар жинауға оқушылар мен педагогтар ғана емес, ата-аналар, Бескөл ауылының қарапайым тұрғындары да тартылды.

Жаңа модификациядағы мұражай экспозицияларын ашу бойынша жұмыс барлық аудандарда жүргiзiлдi. Жыл соңына дейiн облыстың 30 мектебiнде осындай мұражайлар ашылады.