Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм беру ұйымдарында күзгi-қысқы кезеңiнде сабақты тоқтату туралы

Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм беру ұйымдарында күзгi-қысқы кезеңiнде сабақты тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 55 бабы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңының 48 бабы 1 тамағына, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығымен бекiтiлген «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату» қағидаларының 3 тармағына сәйкес, оқу жылының күзгi-қысқы кезеңiнде қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың қауiпсiздiгiн және денсаулығын сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм беру ұйымдарында облыстың географиялық, климаттық жағдайларына сәйкес, сондай-ақ желдiң жылдамдығын ескере отырып, келесi температуралық шектерде сабақты тоқтату немесе/және қашықтықтан оқыту режимiне ауыстыру үшiн бiлiм алушылардың жас ерекшелiктерiн ескере ала отырып, бiлiм беру ұйымдарында сабақтар тоқтатылатын немесе/және қашықтықтан оқыту режимiне ауысатын қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткiштерi бекiтiлсiн:

  • тәрбиеленушiлер мен 0-4 сынып оқушылары үшiн -25оС мен одан төмен желдiң жылдамдығы 2 метр секундта (әрi қарай м/с) және одан көп;
  • тәрбиеленушiлер мен 0-9 сынып оқушылары үшiн -27оС мен одан төмен желдiң жылдамдығы 2 метр секундта (әрi қарай м/с) және одан көп;
  • тәрбиеленушiлер мен 0-12 сынып оқушылары, колледждердiң 1-2 курстары студенттерi үшiн -30оС мен одан төмен желдiң жылдамдығы 2 метр секундта (әрi қарай м/с) және одан көп.

Желдiң жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары температуралық шегi -5С артатың болса.

Бiлiм басқармасының бiлiм мазмұны мен сапасы жөнiндегi жұмыс бөлiмiнiң басшысы (В.А. Черных):

  • осы ақпаратты облыстық арналарда және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырсың;
  • осы бұйрықты Солтүстiк Қазақстан облысының барлық бiлiм беру мекемелерiне жеткiзсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Т.Н. Протопоповаға жүктелсiн.

Басшы Г. Кәрiмова

«Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм беру ұйымдарында күзгi-қысқы кезеңiнде сабақты тоқтату туралы» бұйрық № 616 30.10. 2020 ж.