Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

2020 жылғы 26 қарашада Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының басшы және педагог кадрлармен жұмыс жөнiндегi бөлiмi мектеп және колледж директорларының орынбасарларымен, әдiскерлермен, кадр жұмысы жөнiндегi инспекторлармен онлайн режимiнде семинар-кеңес өткiздi. Бөлiм басшысы Г.Шаймерденова бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларын, ТжКБ, орта, мектепке дейiнгi, қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагогтерiн аттестаттаудан өткiзу мәселелерiн е түсiндiрдi. Семинарға қатысушылардың назарын ұлттық бiлiктiлiк тестiлеуiн өткiзу ережелерiн қатаң сақтауға, бұзушылық фактiлерiне жол бермеуге аударды.