
Сенiмгерлiк басқаруға берiлген Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы мектеп күрделi жөндеуден өтiп, оқушылар игiлiгi үшiн есiгiн айқара ашты. Қайта қалпына келтiру жұмыстарына инвестор 250 млн теңге жұмсаған. Ендi бұл бiлiм ордасы Қызылжар Абай мектебi деп аталады. Қазiргi уақытта бiлiм беру саласында мектеп ғимараттарын жаңғырту, реконструкциялау мәселесiне басты назар аударылуда. Себебi, өңiрдегi бiлiм беру мекемелерiнiң көпшiлiгi өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған.Мәселен, мына сенiмгерлiк басқаруға берiлген Петерфельд орта мектебi 1969 жылы пайдалануға берiлiптi. Сол уақыттан тек ағымдық жөндеу жұмыстары жасалған. Ғимаратының 80 пайызы ескiрген едi. Ал қазiр болса заманауи талаптарға сай және озық технологиялармен жарақтандырылған. Күрделi жөндеу жұмыстары биыл жаз мезгiлiнде басталды. Мектеп ғимараты қайта қалпына келтiрiлiп, iргелес аумақтарында да абаттандыру жұмыстары жүргiзiлген. Қазiргi уақытта жөндеу жұмыстары 100% аяқталды. Спортзалдың құрылысын 31 қарашаға дейiн тапсыру жоспарланған. Сыныптардағы жиһаз Финляндия мектептерiнiң үлгiсiнде жасалған. Сенiмгерлiк басқару жобасы аясында аталмыш бiлiм ордасы Назарбаев Зияткерлiк мектебiмен бiлiктiлiктi, құзыреттiлiктi, педагогикалық құрамның кәсiбилiгiн арттыру бағытында ынтымақтаспақ. Осылайша оқушылардың бiлiм сапасының оң серпiнiне септiгiн тигiзедi деген сенiмде. Болашақта жақын маңдағы ауыл балаларының тұруын қамтамасыз ету үшiн мектеп жанына интернат салу жоспарлануда.