Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткiздi.
Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшiн жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшелендi.
Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесi.
Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжiрибесi бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бiрқатар маңызды мәмiлелерге қатысқан.
Ренат Лестер университетiн үздiк бiтiрiп, банк iсi және қаржы саласында магистр дәрежесiн иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигi дәрежесiне ие (CFA Charter Holder).
Президенттiк жастар кадр резервiнде бiрiншi орынға ие болды.
Р.Бектұров өз сөзiнде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердiң жиынтығы», — дедi.
Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пiкiрiнше, жетiстiктiң құпия тұздығы — сәттiлiк, бiрақ негiзгi құрамдас бөлiгi — еңбек.
Ол өзiнiң жеке өмiрi мен мансабында жетiстiкке жетуге мүмкiндiк берген әдiлеттiлiк пен адалдық сияқты өмiрлiк құндылықтарымен бөлiстi.
Бейне-дәрiс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалiмi өмiрiне әсер еткенiн, оның ойынша жастар үшiн сәттiлiктiң кепiлi не екенiн және зияткерлiк ұлтты қандай қасиеттердi анықтайтынын бiлдi.
Бәрiмiзге белгiлi, «Адалдық сағаты» акциясының негiзгi мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру және адалдық, әдiлдiк, инабаттылық және сенiм сияқты ең маңызды адамгершiлiк құндылықтарды дарыту.
Бейне-дәрiске сiлтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=4