
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi Бiлiм басқармасының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде «ҚР колледждерiнiң ТОП 100 студентi» жобасы ұйымдастырылып, онлайн түрде жүргiзiлдi.
Жоба мақсаты: бiлiмi, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен, ТжКБ ұйымдарының үздiк студенттерi мен жұмысшы бiлiктiлiктi насихаттау, талантты жастарды қолдау. Жобаның iшкi кезеңi ТжКБ ұйымдарында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 5 мен 15 аралығында өткiзiлдi. Аймақтық кезең ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 мен 30 аралығында бiлiм басқармасында өткiзiлдi.
Облыс және Петропавл қ. ТжКБ ұйымдарынан iшкi кезеңнiң жеңiмпаздары аймақтық кезеңге өз жұмыстарын жiбердi. Аймақтық кезеңнiң жеңiмпаздары республикалық кезеңге жолдама алды.