
Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және Қазақстан халқының тiлдер күнi мерекесiне орай Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасының ұйғарымымен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасында техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының II, III, IҮ курс студенттерi арасында 2020 жылдың 25 қыркүйегiнде «Асыл сөздi iздесең, Абайды оқы, ерiнбе…» атты облыстық Абай оқуы ZOOM платформасында өттi. Қазақ тiлiнiң көркемдiк ерекшелiгiн, бай сөздiк қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тiлi мен әдебиетiне, мәдениетiне деген жастардың ықыласын арттыру, әрi елiмiздiң рухани бiрлiгiн нығайту мақсатында өткен Абай оқуы қатысушылардың Абайдай ұлыны ұлықтап, тiлге деген сүйiспеншiлiгiн көрсеттi.
Қатысушылар ЗУМ алаңында қазақ сахарасының өзiндей алып, өзiндей ұлы ғажайып таланттың иесi — Абай Құнабайұлының шығармаларын және Абай әлемiн бүкiл әлемге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзiндiлер оқып, проза мен поэзияны көркемдеп оқу шеберлiктерiн көрсеттi.
Байқау оқытылуы мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетiн және мемлекеттiк тiлде оқымайтын өзге ұлт өкiлдерiнiң арасында өткiзiлiп, 31 қатысушы бақтарын сынады.
Байқау барысында Аққайың ауданының Аграрлық колледжi мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерiнiң Абай Құнанбаев поэзиясын және «Абай жолы» романын оқуға деген қызығушылықтарының зор екендiгi аңғарылды.
Әдiлқазылар алқасының төрайымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерлерiнiң әскери институты Тiлдiк дайындық кафедрасының бастығы, филология ғылымдарының кандидаты, капитан Саркенқызы Ақмарал қатысушыларды жеңiсiмен құттықтады.
I жүлделi орын Абайдың 30 өлеңiн жатқа бiлетiн Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжiнiң II курс студентi Жұмақмет Қарақат жеңiп алды.
II жүлделi орынды Гуманитарлық техникалық колледж студентi — Сержанов Нұрсұлтан Бақбергенұлы мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжiнiң IҮ курс студентi Азаматқызы Аққу бөлiстi.
III жүлделi орынға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжiнiң III курс студенттерi Шамшиден Мархаба мен Шахина Айдана ие болды.
Өзге ұлт өкiлдерiнiң арасында I жүлделi орын Абайдың 26 өлеңiн жатқа бiлетiн Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжiнiң II курс студентi — Шелест Александр, II жүлделi орын Аққайың ауданының Аграрлық колледжiнiң студентi — Ганчарова Анжелика Сергеевна мен И. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжiнiң студентi — Усольцев Диас, III жүлделi орын Аққайың ауданының Аграрлық колледжiнiң студенттерi — Урбанавичюс Алина Петровна мен Пичугова Валентина Викторовна ие болды.
Абай оқуына қатысушылардың барлығына сертификат, жетекшiлерiне алғыс хат, ал жүлделi орындарға ие болған қатысушылар I, II, III дәрежелi дипломдарға ие болды.
Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының оқытушылары мен бiлiм алушыларына үлкен алғысымызды бiлдiре отырып, Абай барлық қазақ халқының мақтанышы, ұлттық намысы болып жастардың жүрегiнде жатталса деймiз! Абай бүгiн жарқын бейнесiмен де, жалынды жырымен де бiзбен бiрге өмiр сүрiп келедi, мәңгi өмiр сүре бермек!