
2020 жылдың 23 қыркүйегiнде ZOOM платформасында «Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерiнiң IТ-құзыреттiлiктерiн арттыру» тақырыбында қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерiне арналған облыстық семинар өттi. Семинарға облыстағы мектептерден 45 педагог қатысты. Қашықтықтан оқытудың өзектi мәселелерi талқыланды. Облыстағы мектептердiң қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi тәжiрибелерiмен, қашықтықтан оқыту әдiстемесiмен бөлiстi.
Мұғалiмге көмектесу үшiн келесi ұсыныстар әзiрлендi: «Сабақты қашықтықтан қалай әзiрлеуге болады: бес қарапайым қадам». Педагогтар сабақты жоспарлау оқу қызметiн ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлiгi екенiн атап өттi. «Тиiмдi керi байланыс — қашықтықтан бiлiм берудiң табысты болуының кепiлi». Семинар барысында қашықтықтан оқыту режимiнде сабақта оқушылармен керi байланысты ұйымдастырудың түрлi тәсiлдерi қарастырылды.
Семинар қатысушыларымен IТ-кейс құралып, облысымыздың барлық бiлiм беру ұйымдарына жiберiлдi.
Қашықтықтан сабақты қалай әзірлеуге болады: Бес қарапайым қадам