«Мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiн ұйымдастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдi өткiзу туралы ақпарат

«Мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiн ұйымдастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдi өткiзу туралы ақпарат

республикалық орталығы мектепке дейiнгi бiлiм берудiң өзектi мәселелерiн шешу бойынша «Мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiн ұйымдастыру» атты дөңгелек үстел өткiздi, оған Ақмола, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстары Бiлiм басқармаларының мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту бөлiмдерiнiң басшылары, жауапты мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтар мен кабинеттердiң мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту бөлiмдерiнiң басшылары қатысты.

«Дөңгелек үстелдi» «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң басшысы Ерманова Мариям Наятовна және ақпараттық-талдау бөлiмiнiң басшысы Тюлебаева Гульмира Кайратовна ашты.

Ақмола облысы бiлiм басқармасының оқу-әдiстемелiк кабинетiнiң мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту әдiскерi Кажахметова Айман Негметжановна мектепке дейiнгi

Петропавл қаласы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының қызметiн әдiскер Петелина Светлана Анатольевна таныстырды:

— Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбие-бiлiм беру процесiн ұйымдастыру санитариялық қағидалардың талаптарын қатаң сақтай отырып, ата-аналардың (балалардың заңды өкiлдерiнiң) өтiнiштерi негiзiнде 15 баладан тұратын кезекшi топтарда жүзеге асырылады.

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкiлдерi балаларды кезекшi топтарға жiбере отырып, балалардың қоғамдық ортада болатынын түсiнедi және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупiн болдырмау үшiн барлық шараларды қабылдайды. Тәрбиешi МДҰ-ға бару (жұмыс режимi, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиiстi киiм, МДҰ-ның күн тәртiбiн сақтау және т.б., баланы алдын ала әкелу, өйткенi балаларды қабылдау белгiлi бiр уақытты алуы мүмкiн) мәселесi бойынша ата-аналармен түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.