
Шаймерденов Бiржан Әбдiлманұлы «Дайындық-Агро» ЖШС басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары: «Құрмет орденi», «Парасат орденi», «Ерен еңбегi үшiн» медалi, «Ауыл шаруашылығының еңбек сiңiрген қызметкерi» атағы бар.
«Парыз-2017» байқауының жеңiмпазы. Бiржан Әбдiлманұлы әлеуметтiк саланы белсендi қолдайды, Дайындық ауылының дамуына және ауыл мектебiнiң проблемаларына көп көңiл бөледi:
Бiржан Әбдiлманұлы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың, жетiм балалар мен мүгедек балалардың проблемаларына бей-жай қарамайды.
Осылайша, жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында жаңа оқу жылы басталар алдында ол шағын орталығының тәрбиеленушiсi Сұраған Меруертке (мүгедек бала) 800 мың теңге сомасына екi есту аппаратын сатып алды.
Бiржан Әбдiлманұлы жыл сайын балаларға қуаныш сыйлап, жаңа жыл мен балаларды қорғау күнiне сыйлықтар тарту етедi.
Екi жыл бойы Бiржан Әбдiлманұлы мектептiң барлық оқушыларын тегiн тамақпен қамтамасыз етедi.
«Дайындық» ЖШС басшылық еткен кезеңде Бiржан Әбдiлманұлы ауыл мен мектептiң дамуына елеулi үлес қосты.
