Меню

Страницы

Статья

2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысының колледждеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қалай түсуге болады

25 маусым мен 18 тамыз аралығында негізгі орта білім беру базасында ТжКБ ұйымдарына, 25 маусым мен 20 тамыз аралығында жалпы орта білім беру базасында, 25 маусым мен 15 тамыз аралығында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады (ҚР БҒМ 2018 ж. 18.10. № 578 бұйрығы).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы ТжКБ ұйымына (бұдан әрі – қызметті беруші) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Конкурс педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін білім туралы құжатқа сәйкес талапкерлерді міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың орташа конкурстық ұпайы бойынша автоматты түрде бөлу арқылы білім басқармасының ақпараттық жүйесі (білім және ғылым, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыретіндегі ТжКБ ұйымдарын қоспағанда), білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бағаларының (баллдарының) және ТжКБ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып алынған бағалардың (баллдардың) орташа баллы бойынша өткізеді.

Құжаттарды (egov.kz) электрондық үкімет порталына авторизациялай отырып беру қажет немесе тікелей колледжге хабарласу арқылы.

Талапкерлер 4 оқу орнына дейін және 4 мамандық пен біліктілікке дейін таңдау арқылы орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандарына өтініш бере алады. Бұл талапкерлерге мемлекеттік тапсырыс бойынша орын алу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Түсу емтихандары өзгертілді, ал конкурс автоматтандырылған режимде білімі туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық баллы бойынша бөлу жолымен өткізіледі (9-сынып үшін: қазақ (орыс) тілі, 2 пән мамандық бейіні бойынша. 11-сынып үшін: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, 2 пән мамандық бейіні бойынша). 

Педагогикалық мамандықтар, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу қарастырылған оқуға түсушілер ерекшелік болып табылады.

Квота санаты үшін растайтын құжаттарды (1, 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын ауыл жастары, жетім балалар, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар, «қандас» санатындағы балалар) ұсыну қажет.

Жұмысшы біліктіліктері (аспазшы, тігінші, дәнекерлеуші, сантехник және т.б.) бойынша оқуға тікелей колледжге өтініш беретін, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау, инклюзивті топтар конкурстан тыс, колледжде әңгімелесу арқылы қабылданады.

Егер талапкердің сұрақтары болса, ол әрдайым таңдалған колледжге жүгіне алады, онда 25 маусымнан бастап қабылдау комиссиялары жұмыс кестесі сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс – жексенбі, мереке күндері. Колледждердің мекен-жайлары мен байланыстарын Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ресми сайтынан табуға болады. 

Дата публикации
21 июня 2022
Дата обновления
21 июня 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы