Меню

Страницы

Статья

Жас балуандарға арналған ашық турнир

2022 жылғы 19 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының өмiрде қиын жағдайға душар болған балалаларды қолдау орталығында директор Қалиев Елемес Сәулеұлының бастамасымен Қазақстандағы балалар жылына және аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының екi мәрте батыры Талғат Бегилдиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған маңызды оқиға — еркiн күрестен ашық турнир өттi.

Iс-шараға құрметтi қонақтар қатысты: Айыртау ауданының әкiмi Бекшенов Ерболат Мұратұлы, Айыртау аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Абулкаиров Армия Абулькаиров, ММА бойынша еңбек сiңiрген жаттықтырушы, жерлесiмiз Жанғалов Баян Маратұлы, қазiргi уақытта бiздiң түлегiмiз, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiнiң студентi Бачурина Матильда, аудандық мәслихат хатшысы Абулкаирова Гульмира Армиевна, Айыртау ауданының бiлiм беру бөлiмiнiң басшысы Баймагамбетова Балжан Шариповна БҚО-ның әр топ — отбасы балаларына спорттық құрал-сайман түрiнде естелiк сыйлықтар тапсырды, Саумалкөл қазақ орта мектебiнiң директоры Олжабаева Мендiгүл Олжабаевна, аудандық «Айыртау таңы» және «Айыртауские зори» газеттерiнiң тiлшiлерi Илья Минеев пен Омарова Айгерим. Iс-шара қонақтары балалалрды қарсы алып , оларға табыс, алға қойған мақсаттарына қол жеткiзуге және жарыстарда жеңiс тiледi. Iс-шараның демеушiсi «Красноярские колбасы» ЖШС директоры — Владимир Викторович Жаваранков.

Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушiлерi «Герои спорта» әнiн орындап, «Детство» атты флешмобпен қатысушыларды қуантты. Турнирдiң ашылу салтанатының мерекелiк атмосферасы жас спортшыларды жiгерлендiрiп, жастарға керемт ырғақ берiп, сонымен қатар жарыс кезiнде көрермендердiң жарысушыларға деген достық лептерi спорт залының атмосферасын барынша қыздырды. Барлық қатысушылар мен көрермендер үшiн ыстық болды. Жарыста БҚО тәрбиеленушiлерiмен қатар, Айыртау ауданының сегiз мектебiнiң оқушылары Ғ.Мүсiрепов атындағы аудан мектептерiнiң оқушылары бақ сынасты. Жарыстың барлық жеңiмпаздары медальдар, грамоталар және ақщалай сыйлықтар алды. Ал мерекелiк түскi ас кезiнде БҚО қамқор аспазшылары дайындаған тәттiлермен, жана пiскен кондитер өңiмдерiмен Айыртау аудандық мәслихат депутаттарының әкелген тәттiлерiнен дәм татып, бiр-бiрiмен өз жетiстiктерi мен болашаққа деген жоспарларымен бөлiстi.

Марапаттау рәсiмiнен кейiн директор Қалиев Елемес Сәулеұлы барлық спортшылардың , демеушiлер мен iс- шара қонақтарының қатысқаны үшiн алғыс бiлдiрiп, Б.М Жанғаловқа, мектеп ұжымына, Ғ.Мүсiрепов және Айыртау ауданы №2 мектеп гимназиясы, №1 Саумалкөл орта мектебi мен Саумалкөл қазақ орта мектебi, Бiрлестiк, Рудный, Арықбалық, Мәдениет орта мектептерiне, Қарақамыс негiзгi мектебiне алғыс хаттар табыс еттi. Iс-шараны ұйымдастыруға үлкен үлес қосқандар: Орталықтың дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы Клецко Александр Петрович, еркiн күрес бойынша жатттықтырушы Бадымов Қажығали Имамбекұлы, педагогтар, Клецко Галина Владимировна, Сулейменова Алия Сахтапбергеновна және басқалары.

Балалар жылы жалғасуда, онымен бiрге ұмытылмас оқиғалар мен мерекелер. Сондықтан бiздiң балаларымызға оқу жылының сәттi аяқталуын, жазғы демалыстан ерекше әсер алуды тiлеймiз. Оны бiз, ересектер, балаларымыз үшiн ең жарқын және керемет етiп жасаймыз.

Наталья Шефер —
СҚО, Айыртау ауданының
БҚО директорының меңгерушiсi

Дата публикации
07 июня 2022
Дата обновления
07 июня 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы