2022 жылдың 1 мамырынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қоры» АҚ-да (ҚДКБҚ) бiр жыл iшiнде кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша кепiлдiк берiлген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерiнiң атына ашылған ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшiн жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аударылатын болады.
Кепiлдiк берiлген өтеудiң талап етiлмеген сомасы депозит иелерi тiзiлiмiндегi ақша салушының дербес деректерi салымшының БЖЗҚ-дағы дербес деректерiне сәйкес келген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты бар болса, сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы депозит иесiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және (немесе) ЕЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ болған кезде ЖЗШ-ға есепке алынады.
Яғни, салымшыларға БЖЗҚ-ға арнайы жүгiнудiң қажетi жоқ — аталған шарттар сақталған жағдайда ҚДКБҚ аударған қаржы ЕЗЖ есепке алу үшiн автоматты түрде БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-ға аударылады.
ЕЗЖ есепке алу үшiн ЖЗШ-ға аударылған талап етiлмеген кепiлдi өтемақы өзге де зейнетақы активтерi сияқты сол тәртiппен инвестицияланады. Бұл қаражат салымшыға (алушыға) инвестициялық табыс әкеледi.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көзделген жалпы негiздерге сәйкес, салым иелерi ЕЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерi түрiнде БЖЗҚ-дан кепiлдiк берiлген өтеудiң талап етiлмеген қаражатын ала алады. Бұл талап ЕЗЖ есебiнен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар келесi салымшыларға қатысты:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
4) ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегiнде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемiнде бес жыл болған зейнетақы жарналары бар тұлғалар.
Сонымен бiрге, егер депозит иесi ҚДКБҚ-дан дәлелдi себеппен төлеу мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда (салымшының әскери қызметке алынуы, оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы, салым иесiнiң мұрасын қабылдау және мұраны иелену, мұрагерлiктi ашуға қатысты өзге де себептер, депозит иесiнiң бас бостандығынан айыру орындарында болуы, сондай-ақ, сот белгiлеген басқа да мән-жайлар) ол тiкелей ҚДКБҚ-ға өтiнiш беру қажет. Бұл жағдайда БЖЗҚ ҚДКБҚ хабарламасы негiзiнде ҚДКБҚ кепiлдiк өтеудiң талап етiлмеген сомасын қайтаруды жүзеге асырады.
Қосымша мәлiмет: 2022 жылдың 15 сәуiрiндегi жағдай бойынша Қазақстанда 9 банк жойылу үдерiсiнде. Жабылған сегiз банктiң ("Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкi" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ) салымшылары өз төлемдерiн ҚДКБҚ-дан 2022 жылғы 1 мамырға дейiн қоса алғанда кепiлдiк берiлген өтемақысын ала алады. Кейiнiрек таратылған "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшылары кепiлдiк берiлген өтемдi ағымдағы жылдың 3 шiлдесiн қоса алғанға дейiн ала алады. Кепiлдiк берiлген өтем сомасын төлеуге өтiнiштi төлемдердiң Электрондық порталы арқылы онлайн, немесе лицензиясынан айырылған банктiң салымшыларына төлем қайтару үшiн тағайындалатын агент-банктер арқылы жазбаша беруге болады.