Меню

Страницы

Статья

Балалар жылына жаңа оқиғалар

Қазақстанда балалар жылын өткiзу аясында 2 сәуiр күнi Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының балаларды қолдау орталығында коворкинг орталығы мен музыкалық-поэтикалық студия ашылды. Бұл iс-шараға Халықаралық Балалар кiтабы күнiне орай қонақтар келдi. Олар: iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi басшысының орынбасары Г.Д. Утеулина, аудандық кiтапхана өкiлдерi С.С. Икашева мен Н.Н. Еременко, Қамқоршылық кеңес мүшесi О.Г. Буторина, «БлагоДраюАстана» Нұр-Сұлтан қаласынан қайырымдылық қорынан ерiктiлер.

Коворкинг орталығының ашылу салтанаты жылы атмосферада өттi. Балалар театрлық қойылым қойды, өлеңдер оқыды, әндер айтты. Ерiктiлер тәрбиеленушiлерге жаңа кiтаптар сыйлады. Балаларға арналған осы жайлы орынды құру идеясы орталық директоры Қалиев Елемес Саулеұлына тиесiлi. Коворкингтi рәсiмдеуге және жайлыландыруға мына қызметкерлер үлкен үлес қосты: Орталық директорының орынбасары — Шефер Наталья Владимировна, кiтапханашы — Бейсембаева Жанна Ахметжановна, еңбек жөнiндегi нұсқаушы — Варнавина Светлана Владимировна, тiгiншi — Белоног Галина Федеровна және басқалары. Бос уақытта осы бұрышта балалар кiтап оқуға, дойбы немесе шахмат ойнауға, пiкiрталасқа дайындалуға немесе жай сөйлесуге ыңғайлы отыра алады. Барлық тәрбиеленушiлердiң атынан бiздiң балалар ұйымының көшбасшысы Пастушенко Александра сөз сөйледi. «Бiз, орталықтың тәрбиеленушiлерi бiздiң Президентiмiз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Үкiметке, бiздiң директор Қалиев Елемес Саулеұлына, барлық педагогтар мен қызметкерлерге көрсеткен қамқорлықтары мен қолдаулары үшiн өте ризамыз. Бiзге даму мен демалыс үшiн тамаша жағдайлар жасалған. Биыл мен түлегiмiн және бұл ризашылықты өмiр бойы ұмытпайтыныма сенiмдiмiн», — деп қыз өз сезiмдерiн бiлдiрдi.

Музыкалық-поэтикалық студияны аша отырып, Н.В. Шефер қонақтарға халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық поэтикалық байқаулардың жүлдегерi және номинанты, Ресей Жазушылар одағының атынан «Буниннiң 150 жылдығына» медалiнiң иегерi, сондай-ақ «Растворяюсь в поэзии жизни» кiтабының авторы В.М. Наймантаеваның ақындық-шығармашылық көрмесiн ұсынды. Жауап сөз ретiнде Валентина Магзумовна қатысушыларды өз шығармаларының бiрiмен таныстырды. А.С. Пушкин бейнесiнде тәрбиеленушi Браун Валера өлең оқыды. Педагогикалық еңбек ардагерi, қамқоршы О.Г. Буторина балалар үйiнде мұғалiм болғанда, поэзия үйiрмесiнiң сабақтарында балалардың поэзияға деген сүйiспеншiлiктерiн арттыруды көздедi және жақын арада бұл жұмысты тәлiмгер ретiнде жалғастыруды жоспарлап отыр. «Вдохновение» орталығының вокалды-аспаптық ансамблiнiң орындауында қазақ тiлiнде заманауи ән шырқалып, вокалды топтың қыздары «весна» әнiн шырқады . Әрi қарай қонақтар мектепке дейiнгi жастағы балаларға арналған күндiзгi топқа барды. Iс-шара соңында директор Қалиев Елемес Саулеұлы балалардың өздерiн үйде сезiнуi, шығармашылық дамуы , жоғары мақсаттар қоюы және болашақта оларға қол жеткiзуi үшiн керектi жағдайлар жасалатынын атап өттi. «Бiз бiр орында тұрмаймыз, уақытпен бiрге жүруге тырысамыз, заманауи тәсiлдер мен әдiстер арқылы қызмет жүйесiн жетiлдiремiз. Бұл балаларға жайлы жағдайда болуға және өскелең ұрпаққа қажеттi бiлiм, бiлiк пен дағдыларды алуға мүмкiндiк бередi», — деп атап өттi Елемес Саулеұлы.

Ерiктiлердiң Нұрсұлтан қаласынан келуi Орталықтың балалары үшiн әрқашан қуанышты оқиға. Бұл жауапты адамдар өздерiнiң рухани импульстарына сүйене отырып , айтарлықтай қашықтыққа және ораза ұстауларына қарамастан( олардың көпшiлiгi жоғары лауазымда), балалармен сөйлесуге, ойнауға, сыйлықтар беруге және тәттiлермен дәм таттыруға келдi. Мiне, осы жолы, сенбi, демалыс күнi мұсылмандардың ораза Рамазан айының бiрiншi күнiмен тұспа-тұс келдi. Олардың бiздiң балалармен кезектi кездесуi өттi. Ерiктiлер олармен ойын-сауық бағдарламасына толы күндi өткiздi. Бағдарламаға балаларға арналған конкурстар мен үстел ойындары, волейбол мен үстел теннисiнен жарыс, мерекелiк түскi ас, сыйлықтар тарату кiрдi. Осы мейiрiмдi адамдарға кең жүректерi үшiн шын жүректен алғыс айтамыз. Олардың жақсылықтары әрқашан оларға әл-ауқат, сәттiлiк және өркендеу алып келсiн.

Г.В. Клецко — тәрбиешi
«Айыртау ауданының
өмiрде қиын жағдайға душар болған
балаларды қолдау орталығы»

Дата публикации
08 апреля 2022
Дата обновления
08 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы