Меню

Страницы

Статья

Шығармашылық арқылы — табысқа жету

Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданының Балаларды қолдау орталығының жұмыс ұраны- «Шығармашылық арқылы табысқа жету» өзiнiң керемет жемiсiн берудi жалғастыруда. Бұған дәлел ретiнде тәрбиеленушiлердiң 2022 жылғы ақпан айында өткен жыл сайынғы республикалық "Қазақстан — менiң алтын бесiгiм" фестивалiне кезектi табысты қатысуы болып табылады. Соңғы екi жылда, ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым Министрлiгiнiң Республикалық қосымша бiлiм беру оқу — әдiстемелiк орталығы болып табылатын бұл iс-шара қашықтық форматында өткiзiлдi.

Фестиваль бағдарламасы үш шығармашылық бағытты қамтыды : «Жүрек жылуы» — вокалистар сайысы, «Татулықтың тұтқасы — бiрлiктiң бесiгi» — би сайысы, «Ризамын халқыма» — театр қойылымдарының байқауы. Бiздiң балалар барлық сайысқа ат сала қатысты. Олар облыстық турда жеңiске жетiп, финалға Солтүстiк Қазақстан облысының атынан шықты. Олар Пастушенко Александра, Кузнецова Анжелика, Абдрахманова Анар, Загребельная Людмила, Захаров Алексей, Негметова Ляйлим, Зебольд Андрей, Сушко Екатерина, Владимиров Анатолий, Иванова Динара және Максимкин Эльдар. Бейне түсiрiлiмдер Айыртау аудандық мәдениет үйiнiң сахнасында өттi. Барлық нөмiрлер үлкен заманауи Led-экранда қызықты таңдалған материалмен сүйемелдендi.

Достық пен келiсiм тақырыбына айналған «Сказка о казахстанском голубе мира» мюзиклiне актерлiк ойын, вокалдық орындау, хареография, балет және өлеңдердi мәнерлеп оқу элементтерi еңгiзiлдi. Театрландырылған қойылымның сюжетiнде үш тiлдi балалар пайдаланды. Балалар қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде ойнап, ән айтты. Музыкалық спектакльдiң реквизиттерi мен костюмдерiн еңбек нұсқаушысы С.В. Варнавина, тiгiншi Г.Ф. Белоног, орталықтың тәрбиешiлерi мен тәрбиеленушiлерi дайындады. Музыкалық сүйемелдеудi директордың орынбасары Н.В. Шефер және музыкалық жетекшi Е.Н. Нұрбахтинов жүргiздi. Кәсiби бейнетүсiрiлiмдi тәрбиешi Д.С. Гайсин жүргiздi.

Жас әртiстер талантты түрде өз рөлдерiн ойнап, кәсiби қазылар алқасының лайықты бағасын алды, яғни жүлделi үшiншi орын. Вокалистер байқауында Кузнецова Анжелика мен Негметова Ләйлiм жақсы өнер көрсеттi. Оларды вокал үйiрмесiнiң жетекшiсi Г.В. Клецко дайындады. Өзiнiң 11-14 жас санатында Ләйлiм номинация бойынша «Әртiстiлiгi үшiн» дипломымен марапатталды. Айта кететiн жайт, қыз алғаш рет үлкен сахнада өнер көрсетiп, қолында микрофон ұстады. Оның мюзиклде ойнауы және вокалдық шығармаларды орындауы таң қалдырады. Анжелика әндерiн таза және эмоционалды түрде орындады. Оның дауысы мен сахнада еркiн сөйлеу қабiлетi қатты шапалақтауға лайық. Хореографиялық байқауда бiздiң тәрбиеленушiлерiмiз қазақтың «Көктем» биiн және аджараның «Ачарули» биiн ұсынды. Қыздар өздерiнiң сымбаттылығын, қимыл-қозғалыстарының икемдiлiгi мен сұлулығын көрсете бiлдi. Бұл бiздiң хореограф

Ж.Н. Бабасованың еңбегi. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар, ал жеңiмпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берiлдi.

Бiздiң қызметкерлер балалармен үйiрмелерде айналыса отырып, олардың жеңiстерi мен табыстарына ықпал етiп қана қоймай, өздерi де орталықтың жетiстiктер қоржынына лайықты үлес қосты. Ағымдағы жылдың 25 ақпаныңда Айыртау ауданының «Екi жұлдыз» вокалдық шеберлiк конкурсына А.А. Садуов және Г.В. Клецко өзiнiң оқушысы Анжелика Кузнецовамен бiрге қатысты. Бұл керемет дуэттер әндердiң керемет әдемi орындалуымен көрермендердiң ықыласы мен жағымды эмоцияларын тудырды, олар ұзақ қол шапалақтауға лайық болды. Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша «Ең талантты жұп», «Ең тартымды жұп» дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Орталықтың барлық тәрбиеленушiлерi мен қызметкерлерiне үлкен алғыспен және ризашылықпен жүгiнгiм келедi және оларға шығармашылық шабыт , үлкен сәттiлiк және ең үлкен мақсаттар мен жоспарларды сәттi орындауларын тiлеймiн. Ал бiздiң басты мiндеттерiмiздi және "Шығармашылық арқылы — табысқа жету" ұранын орындау үшiн бiз, педагогтар, үлкен миссия атқарамыз: ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалардың өмiрiн жарқын, қызықты, мазмұнды және оларды әрi қарай дамыту мен өзiн-өзi таныту үшiн пайдалы етемiз.

В.М. Наймантаева — СҚО Айыртау ауданының өмiрде қиын
жағдайға душар болған балаларды
қолдау орталығының директорының
тәрбие жөнiндегi орынбасары

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы