Меню

Страницы

Статья

Әдiстемелiк бiрлестiктiң отырысы

Ағымдағы жылдың 21қаңтарында «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжi» КМҚК-мен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша әдiстемелiк бiрлестiктiң отырысы өткiзiлдi. Аталған iс-шараның мақсаты: «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжi» КММ, «Тимирязев агротехникалық колледжi» КММ, «Петровка аграрлық-техникалық колледжi» КММ «Жас маман» жобасы аясында әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады. Бiздiң колледжден оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары Т.А. Дмитрик қатысушыларды жұмыс тобының құрамымен таныстырды; кәсiптiк оқыту бойынша директордың орынбасары А.П. Ждаморев қатысушыларға осы жобадағы колледж жұмысы, қолда бар жабдықтар және бағыттың даму перспективалары туралы айтып бердi; колледж әдiскерi Е.А. Ионова НҚА бойынша қажеттi түсiнiктемелер бердi; бөлiм меңгерушiсi С.Қ. Жұмағалиевпен оқу жоспары, оған кiретiн модульдер және жұмыс бiлiктiлiктерi бойынша жұмыс сәттерi талқыланды.

Сонымен қатар әдiстемелiк бiрлестiк құрамына ӨОЖ бойынша директордың орынбасары Е.А. Черкасова, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының оқытушылары Ю.А. Гильгенберг, А.А. Краснощек, А.К. Рахимгазиев кiредi.

Бейне-конференция сұрақ-жауап түрiнде өттi, колледждердiң алдағы уақыттағы ынтымақтастығының жоспары талқыланды.

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы