Меню

Страницы

Статья

Оксворд университетiнiң құрметтi профессоры

Кашенева Рауза Әбутәлiпқызы ынталы, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн «Ермек Серкебаев атындағы — Өнер колледжi — өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешенi» КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi.

Р.Ә. Кашеневаның студенттерi үнемi облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысады.

Рауза Әбутәлiпқызы республикалық және халықаралық деңгейдегi конкурстардың белсендi қатысушысы. Ұлы итальяндық органист, Ватиканның радио және теледидар директоры Артуро Сакеттидiң Таллин қаласындағы күмбездi соборында өнер көрсеттi.

«Юниор Камер» компаниясының шақыруымен Нидерландыға гастрольге шығып, 15 жеке концерт бердi. Қазылар алқасының мүшесi ретiнде Нидерланды, Амстердам қаласында консерваторияда өткен Бельканто фестиваль — конкурсына қатысты. Осы сапарында дыбысталу ұзақтығы 74 минуттық концерт жазылған диск шығарды.

2010 жылы Еуропа ректорларының халықаралық клубына қосылып, оның құрметтi мүшесi болды. Бұл Оксфорд қаласында (Англия) өткен «XXI ғасыр көшбасшылары» халықаралық саммитiнде орын алды. Ал 2011 жылдың желтоқсанында Рауза Әбутәлiпқызы басқаратын оқу орнына European QUALITY AWARD — «Еуропалық сапа» беделдi халықаралық марапаты табысталды. 2012 жылдың желтоқсан айында KPE және Еуропалық бизнес Ассамблеясының шақыруымен Вена қаласында өткен Халықаралық форумға және рождестволық Рыцарлық балға қатысты, Австрияда Вена симфониялық оркестрмен бiрге өнер көрсеттi. 2012 жылы Халықаралық ғылыми — өнеркәсiптiк палата (Бельгия) алтын медаль мен De merito дипломын табыс еттi.

2021 жылдың 17 желтоқсаны көрнектi қызметтерi үшiн Р.А. Кашенева орденмен және Оксфорд университетiнiң (Англия) құрметтi профессоры атағымен марапатталды.

Дата публикации
21 декабря 2021
Дата обновления
21 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы