10 желтоқсанда Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық музыкалық драма театрында "WorldSkills Kazakhstan" — VI Ұлттық кәсiби шеберлiк чемпионатының жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмi өттi.
Чемпионат 1 қараша мен 4 желтоқсан аралығында "Жас маман" жобасы аясында заманауи жабдықтармен жабдықталған елiмiздiң 30 алаңында өттi. Кәсiби шеберлiк чемпионатындағы бәсекелестiк деңгейi өте жоғары болды, өйткенi 30 негiзгi және 42 қосымша құзыреттiлiкте елiмiздiң 17 өңiрiнен 600-ден астам студент жарысты.
Бiздiң облысты 19 құзыреттiлiк бойынша 19 студент таныстырды.
Чемпионат қорытындысы бойынша «Графикалық дизайн» құзыреттiлiгiнде алтын медаль иегерi Игорь Чупчиков атанды («М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК), күмiс медаль – Кирилл Мальков («Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледж» КМҚК), қола медаль — Данил Зенин «Кондитерлiк iс» («Петропавл құрылыс-экономикалық колледж» КМҚК).
5 студент «Үздiк маман» медалiнiң иегерлерi атанды: «ЧПУ станоктарындағы токарлық жұмыстар» — Ростислав Бобылев («Б.Әшiмов атындағы Петропавл машина жасау және көлiк колледжi» КМҚК), «Сантехника және жылыту» — Савелий Бусько, «Крипичная кладка» — Сергей Смирнов («Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi» КМҚК), «Желiлiк және жүйелiк әкiмшiлiк ету» – Әлихан Жеңiс, «Мектепке дейiнгi тәрбие» — Екатерина Полей («М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК).
"WorldSkills Kazakhstan" чемпионаттары кәсiби бiлiм беру сапасын арттыруға және кәсiби шеберлiк дағдыларын жетiлдiруге мүмкiндiк бередi.