Меню

Страницы

Статья

«Тәуелсiз Қазақстанның тарихи кезеңдерi»

2021 жылғы 21-28 қыркүйек аралығында техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында 1-2 курс студенттерi үшiн Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған "Тәуелсiз Қазақстанның тарихы кезеңдерi" тақырыбында сынып сағаттары өткiзiлдi.

Сынып сағатының мақсаты — патриоттық, бейбiтшiлiк, ұлттық келiсiм сезiмдерiн тәрбиелеу, өз халқының тарихымен танысу, студенттердiң Отан, Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы бiлiмдерi мен түсiнiктерiн тереңдету және кеңейту.

Студенттер өз елiнiң тарихы мен мәдениетi туралы бiлiмдерiн жинақтап, тереңдеттi. Сондай-ақ, өз елiнiң азаматы және патриоты ретiнде адамға тәуелсiз Қазақстанның тарихи кезеңдерiн бiлу маңызды екенiн атап өттi. Сынып сағаты барысында студенттер өз ойлары мен болжамдарын еркiн айтып, қойылған сұрақтарға белсендi жауап бердi.

Сынып сағаты барысында ауқымды мемлекеттiк өзгерiстер атап өтiлдi. 2 палаталы Парламент, сот жүйесiнiң құрылуы, астананың тарихы туралы айтылды.

Шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдерi арасында көшбасшы мемлекетке айналғаны, Қазақстанның өз аумағында ядролық қаруды қолданудан өз еркiмен бас тартуы және оны ядролық қарудан азат ел деп жариялау туралы материалдар қызықты әрi танымды болды.

Кураторлық сағаттар тақырыптық презентациямен сүйемелдендi. Iс-шара студенттердiң бойында патриоттық сезiмдi және Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуы мен жетiстiктерi үшiн мақтаныш сезiмiн тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды.

Дата публикации
28 сентября 2021
Дата обновления
28 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы