Меню

Страницы

Статья

«Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицей-интернаты» КММ директоры

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды:

«Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицей-интернаты» КММ директоры (мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 18, телефон – 8 715-2-517231). Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 167316 теңгеден 202931 теңгеге дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы қажет.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы жөнінде Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және нормативтік құқықтық актілер және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика және психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарды;

арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитарлық қағидалар мен нормаларын білуге тиіс.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

Жұмыс жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді.

Білім беру ұйымының ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді.

Білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, Еңбек және басқалар) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде арнайы жағдайлар жасайды.

Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына билік етеді.

Ұйымның қызметі туралы, оның ішінде Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді.

Педагогтар мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады.     

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Өзінің кәсіби дамуымен, соның ішінде менеджмент саласында жұмыс істейді.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасына қолма-қол немесе пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидалардың 3 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының) көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және суреті;
  6. ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  10. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  11. тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);
  12. біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
  13. білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;
  14. білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарын қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және сол сияқтылар) ұсына алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына, жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21мамырдағы № 213 бұйрығымен бекітілген.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар алғашқы ресми хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 150008 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ, 601 каб. Анықтама телефоны 87152465135.

Дата публикации
20 сентября 2021
Дата обновления
20 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы