«Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ директоры-азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Саумалкөл с. ПТШ 11/1В көшесі, телефоны -– 8 (715-33) 27-5-94).
Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 126 755 теңгеден 149 761 теңгеге дейін.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
Педагогика және психология негіздері;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
Менеджмент, Қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар.
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес, жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.04.30 № 16 бұйрығымен.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасына қолма-қол немесе пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 3-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3)Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының) көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7)біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
13) Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;
14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және сол сияқтылар) ұсына алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына, жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.05.21 № 213 бұйрығымен.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар алғашқы ресми хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 150008 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ, 601 каб. Анықтама телефоны 87152465135.