2019 жылдан бастап жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жыл бойынғы форматқа көшірілді, бірақ акцияның негізгі көрсеткіші балаларды жаңа оқу жылына дайындау болып табылады. Акция дәстүрлі форматта өткізіледі, яғни жалпыға мідетті оқу қорының қаражаты, демеушілік қаражат есебінен, сондай-ақ atamekenim.kz порталы арқылы көмек көрсету.
Акция аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Біздің облыста тұрақты негізде көмек көрсететіндер бар (облыс әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы басқармалары, аудандар мен Петропавл қаласының бөлімдері, "Мәмбетов и К" КС, келесі ЖШС: "Петропавл арақ зауыты", "АЗКО", "Буденное СК", "Раисовское", "Астық Привольный", "Западное СК", "ES GLOBAL AGRO", Тахтаброд, "Адани Агро", "Содружество, компания "Эдил", "Азия-Тарангул", ЖК Визигина, «Кантемир-Агро», «Заградовское», «Прометей-Агро», ЖК «Бромот С.В.» және т. б.).
Өткен жылы 2020 жылы акция аясында 5978 балаға көмек көрсетілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 47 млн.656 мың теңгені құрады.
Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үшін көптеген балаларға компьютерлік техника қажет болды. Мектептер мұқтаж балаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етті, демеушілер де бей-жай қалмады.
Аққайың ауданында Полтавка орта мектебінің түлектері көпбалалы отбасынан шыққан 4 балаға ноутбук сыйлады (630 мың теңге). Аралағаш орта мектебінің түлектері көп балалы отбасылардан шыққан 5 баланы 2 компьютермен және 3 ноутбукпен қамтамасыз етті (650 мың теңге).
"Артур" ШҚ жетекшісі Безлесенский БМ оқушысын ноутбукпен (130 мың теңге) қамтамасыз етті. "Агро Еңбек Береке" ЖШС Черкасское орта мектебінің оқушысына ноутбук (150 мың теңге) сыйға тартты. Смирнов № 1 ОМ бес оқушысы "Микро плюс" фирмасынан сыйлық ретінде планшеттер мен ноутбуктер алды (390 мың теңге).
Жеке кәсіпкер К. М. Қожамұратов Смирнов №3 орта мектебі мен мектеп–гимназиясының көп балалы отбасыларының оқушылары үшін 5 планшет сатып алды. Жеке кәсіпкер К. А. Мұхамеджанов Смирнов мектеп-гимназиясының балаларына 2 ноутбук сыйлады.
Ғ. Мүсірепов ауданында "Агрофирма Приишимский" АҚ, "Ақ-Нан-Север" ЖШС директорлары, ЖК Гайнуллин аз қамтылған отбасы балаларына компьютерлік техника сатып алды.
Биыл білім бөлімдерімен көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалды. Акцияның қайырымдылық екенін ескере отырып, көмек көрсету бойынша демеушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасылардан шыққан 9117 бала. Мектеп формасына, спорттық киімге деген қажеттілікке мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 2282 бала үшін мектеп формасы немесе спорттық киім жалпыға міндетті оқу қорының шеңберінде сатып алынатын болады.
Мектептерде сабақ басталғанға дейін бір айдан аз уақыт қалды, сондықтан білім басқармасы барлық бей-жай қарамайтын адамдарды осы игі іске қатысуға шақырады! Сіздің қайырымдылық көмегіңіз игі іске жұмсалып, қиын жағдайға тап болған балаларға лайықты азамат болып өсуге көмектеседі.
Қатысқаны үшін барлығына алдын ала алғыс айтамыз!