Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «JUNIOR SKILLS-2021» чемпионаты

2021 жылдың 27 сәуірінде «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК-ның IT-технология құзыреттілік орталығының ұйымдастыруымен облыстық мектеп оқушылары арасында жасөспірімдер шеберлігі сайысы өткізілді.

«Junior Skills» мақсаты — алдыңғы қатарлы отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, WorldSkills қозғалысының құралдары негізінде мектеп оқушыларының заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін кәсіптік бағдарлау және дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

Бұл шараға Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы мен Есіл ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінен 19 оқушысы қатысып, «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша бақтарын сынады. Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар тест тапсырмаларын орындады, ал екінші кезеңде олар графикалық редакторларда белгілі бір тақырыпқа арналған логотип жасады. Оқушылардың жұмыстарын арнайы құрылған сарапшылар бақылап, ұпай бойынша бағалады. Жұмыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Junior Skills сайысының нәтижелері келесідей болды:

Аты-жөні

Білім беру мекемесі

Нәтижесі

Ращупкин Никита Павлович

«Ю.А.Гагарина атындағы №14 орта мектебі » КММ

1-орын

Сабыржан Ильяс

«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей»

2-орын

Папшев Тимур Русланович

«№4 орта мектеп» КММ

2-орын

Шамак Владислав Андреевич

«№26 мектеп-балабақша» КММ

2-орын

Голушко Анна

Есіл ауданы, Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы Явленка орта мектебі

2-орын

Беспалова Маргарита

«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей»

3-орын

Есенжолов Ерсаят Шайзатханұлы

«Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ

3-орын

Ержанов Аслан Ержанович

«№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» КММ

3-орын

Татаренков Сергей Николаевич

Есіл ауданы, «Петровка орта мектебі» КММ

3-орын

«JUNIOR SKILLS-2021» сайысына қатысқан оқушылардың жетекшілеріне және мектеп директорларына ұйымдастырушылар алғыс білдіреді.

Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы