«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйi туралы хабардар ету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргiзiп отырады.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселерiне тiкелей өзi келгенде, сондай-ақ, дәстүрлi пошта арқылы үзiндi көшiрме алу және электрондық тәсiл арқылы бiлуге болады.
Қазiргi уақытта ЖЗШ-ның жай-күйi туралы ақпараттандырудың ең танымал тәсiлi — электрондық тәсiл. 2021 жылдың 1 ақпанына оны 6,7 млн астам ЖЗШ иелерi таңдады. Бұл ретте 5 876 269 шоттың жай-күйi туралы салымшылар мен алушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе ENPF мобильдi қосымшасында бiле алады. Осындай хабарлау тәсiлiн таңдағандар саны бiр жыл iшiнде 248 531 адамға көбейдi.
БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы үзiндi көшiрменi 836 399 салымшы алады. Естерiңiзге сала кетейiк, ақпараттандырудың осы әдiсiне сәйкес ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрме салымшыға таңдалған кестеге сай электрондық пошта арқылы келедi.
Дәстүрлi пошта арқылы ақпараттандыру өз танымалдылығын бiртiндеп жоғалтуда. 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша осы тәсiлмен 1 268 206 салымшы өз ЖЗШ-сын бақылайды екен. Бұл өткен 2020 жылғы 1 ақпанға қарағанда 81,9 мыңға аз. Егер салымшы ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi жылына бiр рет дәстүрлi пошта арқылы алуды қалап, бiрақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен болса, онда ол бұл туралы Қорға хабарлауы тиiс екенiн естерiңiзге саламыз. Айтқандай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында мұны мекенжайы өзгергеннен кейiнгi 10 күн iшiнде жүзеге асыру қажет деп көрсетiлген. Олай болмаған жағдайда, пошта операторы ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi мекенжай иесiне жеткiзе алмайды және ол Қорға қайтып оралады, яғни Қор ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрменi келесi жылы мұндай салымшыға жiбермейдi.
БЖЗҚ зейнетақы шотын кез-келген ыңғайлы тәсiлмен үнемi қадағалап отыру қажеттiлiгiн еске салады. Себебi, ол шоттың үнемi толықтырылып отырғанына және болашақ зейнетақыны жоспарлауға сенiмдi болу үшiн керек.