Меню

Страницы

Статья

Ынтымақтастық шеңберiндегi семинар

2021 жылдың 30 наурызы күнi Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Орал гуманитарлық-техникалық колледжiмен ынтымақтастық аясында «Бiлiм беру мазмұнын жаңарту шеңберiнде педагогтердiң кәсiби құзыреттiлiгiн арттыру және оқыту ерекшелiктерi» тақырыбында оқу-әдiстемелiк семинары өттi. Семинарда бiлiм беру мазмұнын жаңарту тақырыбында Семинар барысында елiмiздегi техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарынының жаңартылған бiлiм беру мазмұнына көшу, бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн критериалды бағалауды жетiлдiрудiң тиiмдi педагогикалық әдiс-тәсiлдерi, педагог қызметкерлердiң кәсiби құзыреттiлiгiн арттырудың өзектi мәселелерi қарастырылды.

Семинарға қатысушыларды Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Жандiлдин Ерлiк Борисұлы құттықтап, қарастырылып отырған мәселелердiң маңыздылығы зор екенiн атап өттi.

Жұмыс барысында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж директорының ғылыми жұмысы жөнiндегi орынбасары Саурбаева Салтанат Беркутовна, Орал гуманитарлық-техникалық колледжiнiң әдiскерi Гайсина Алтынгуль Каримоллаевна модераторлық қызмет жасады.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжiнiң 3 оқытушысы (Акбулатова С.Б. — қазақ тiлi пәнiнiң оқытушысы; Сапаров Б.А. — тарих пәнiнiң оқытушысы; Джамбаева А.Б. — орыс тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқытушшысы) келесi тақырыптарда баяндама жасады: «Қазақ тiлi сабақтарында жаңартылған бiлiм беру мазмұны жағдайында қолданылатын әдiстердiң тиiмдiлiгi», «Тарих сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану», «Творческие домашние задания по русскому языку и литературе как средство инновационного обучения в условиях обновленного содержания образования».

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушыларымен (Бежик Л.П., Абуталимова Ш.А., Мусина Б.А., Шарипова Г.К., Муратова А.К., Касенова А.К.) дайындалған баяндамаларында жаңартылған бiлiм беру мазмұны жағдайында жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқытудың ерекшелiктерi, бiлiм беру платформаларын тиiмдi пайдалану, критериалды бағалаудың ерекшелiктерi, колледж студенттерiн орта бiлiм берудi жаңарту жағдайында жұмысқа дайындау мәселелерi қарастырылды.

Жұмыс соңында Орал гуманитарлық-техникалық колледжi директорының оқу iсi жөнiндегi орынбасары Сагидуллина Асима Мұратқызы, М.Жұмабаев атындағы колледж директорының оқу-әдiстемелiк жұмысы жөнiндегi орынбасары Иманкулова Алия Сыздыкбаевна колледж оқытушылары арасында тиiмдi тәжiрибе алмасу жұмысы өткендiгi жайлы атап өтiп, қорытынды жасады.

Алдағы уақытта да екi колледж арасында ынтымақтастық жұмыстар жүргiзiлiп тұратыны жоспарланды.

Дата публикации
30 марта 2021
Дата обновления
30 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы