Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенiмгерлiкпен басқару үшiн аударуға арналған өтiнiштi қалай жоюға болады?

enpf.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды

2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерiнiң зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельдi басқарушы — ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшiн де пайдалану құқығын беретiн заңнамалық нормалар күшiне ендi.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмiр бойғы төлемдердi көздейтiн сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берiлуi мүмкiн.

Зейнетақы жинақтарын аудару үшiн бiр немесе бiрнеше ИПБ салымшысы БЖЗҚ-ға өтiнiшпен жүгiнуi қажет. Өтiнiш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңiрлiк бөлiмшесiнде өзi келгенде берiлуi мүмкiн. Зейнетақы жинақтарын аудару бойынша қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» — «Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ға сенiмгерлiкпен басқаруға аудару» бөлiмiнде орналастырылған.

БЖЗҚ салымшыдан өтiнiш келiп түскен күннен кейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде зейнетақы жинақтарының жеткiлiктiлiк сомасынан асатын бөлiгiн ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Мәлiмделген соманы инвестициялық портфельдi басқарушыға аударған сәтке дейiн салымшы жинақтардың бiр бөлiгiн сенiмгерлiк басқаруға аудару туралы өз шешiмiн өзгертiп, өтiнiшiнiң күшiн жоя алады.

Осындай шешiм қабылдаған салымшыға жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген өңiрлiк бөлiмшесiне немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы өтiнiш беру қажет. Онда зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына аударуға арналған өтiнiштiң күшiн жоюға болатын жаңа қызмет iске қосылды.

Күшiн жою туралы өтiнiштi enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы берген кезде төмендегi әрекеттердi орындау қажет:

• алдымен Жеке кабинетте авторлану қажет;

• бұдан әрi Жеке кабинеттiң «Қызметтер» — «Менiң төлемдер/аударымдар туралы өтiнiштерiм» шағын бөлiмiне ауысамыз;

• одан соң сiз жойғыңыз келетiн өтiнiштiң «Өңдеуге қабылданды» мәртебесiне ие екенiне көз жеткiзуiңiз керек;

◦ әрi қарай, осы өтiнiштiң егжей-тегжейiн қарау кезiнде таңдау үшiн «Жою» батырмасы белсендi болады;

• келесi қадам арқылы ұсынылған ақпаратпен танысу және онымен келiсу/келiспеу және өтiнiшке жеке ЭЦҚ-мен қол қою қажет.

Қажет болған жағдайда күшiн жою туралы өтiнiштi қарау және (немесе) жүктеу мүмкiндiгi бар екенiн ескерiңiз.

Дата публикации
05 марта 2021
Дата обновления
05 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы