Меню

Страницы

Статья

Халықаралық конференция «Заманауи бiлiм берудi дамыту: инновация және дәстүр»

2020 жылдың 26-27 қараша күндерi «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен бiрлесе колледждiң жүз жылдығына орай «Заманауи бiлiм берудi дамыту: инновация және дәстүр» тақырыбында қашықтықта Халықаралық конференция өткiздi.

Конференция мақсаты — жаңартылған бiлiм беру мазмұны жағдайында бiлiм беру ұйымдарының инновациялық практикасын өзектендiру.

Конференция жұмысы 3 секцияға бөлiнген тақырыптар бойынша өтткiзiлдi:

  1. «Жаңартылған бiлiм беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерiсiн дамытудың өзектi мәселелерi мен тенденциялары және жас педагогтың инновациялық әлеуетi: мәселелерi, шешу жолдары» секциясы.
  2. «Цифрлы өркениеттегi заманауи ақпараттық технологияларды дамыту».
  3. «Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы заманауи тәсiлдерi және бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиенiң гуманитарлық әдiснамасы және тәрбие жүйесi».

Секцияларда 19 спикер, яғни Түрiк елi, Анкара қаласының Қажы Байрам университетiнiң профессоры Хулия Касапоглу Ченгел; Ресей, Новосибирск қаласының № 28 лицейдiң информатика пәннiң мұғалiмi, Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика ғылымдарының докторы, Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзiн-өзi тану» гуманитарлық колледжi, Нұр-сұлтан қаласының Еуразия гуманитарлық институты колледжi, Орал қаласы, Ж. Досмұхаметов атындағы жоғары педагогикалық колледжi, Ақтөбе қаласының гуманитарлық колледжi, М. Қозыбаев атындағы СҚУ, «Байкен Әшiмов атындағы Петропавл темiржол көлiгi колледжi», Есiл ауданы, Ж. Ғизатов жоғары ауылшаруашылық колледжi, «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» оқытушылары және Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң жас маманы өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Спикерлер өз баяндамаларында бiлiм мазмұнының жаңаруына байланысты бiлiм беру жүйесiндегi жаңалықтармен, бүгiнгi күн талабына сай цифрлы өркениеттегi заманауи ақпараттық технологияларды дамыту барысымен, мектепке дейiнгi оқыту мен тәрбие, заманауи тәрбиенiң әдiс-тәсiлдерi жайында сөз еттi.

Жұмыс барысын қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» оқытушылары жүргiздi.

Ұйымдастырушылар барлық қатысқан әрiптестерiне алдағы зерттеулер мен iздену жұмыстарына тек сәттiлiк тiлеп, мақсатқа жетуде шығармашылық табыс тiледi.

Дата публикации
02 декабря 2020
Дата обновления
02 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы