Меню

Страницы

Статья

Мағжан Жұмбаев атындағы жоғары колледждiң мерейтойы

2020 жылдың қараша айында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжi 100 жылдық мерейтойын атап өттi.

Аймақтағы ең көне оқу орнының тарихы алыстағы 1920 жылдан «Қызыл мұғалiмдер» қысқа мерзiмдi (үш айлық) курстардың ашылуынан бастау алады. Қалыптасудың келесi кезеңдерi үш жылдық педагогикалық курстар, орыс педагогикалық техникумы, педагогикалық училищесi болды. Халыққа бiлiм беру үшiн бiлiктi кадрларды дайындаудағы үлкен қызметтерi үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының жарлығымен Петропавл педагогикалық училищесi екi рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталған.

1993 жылы педучилище Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж атымен аталып, 1999 жылы колледжге гуманитарлық колледж мәртебесi берiлдi.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжi Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж атына ауыстырылды.

Колледждiң тарихымен Мағжан Жұмабаев, Иван Шухов, Шахмет Құсайынов, Жұмағали Саин, Әлжаппар Әбiшев, Әбдiлдә Тәжiбаев және басқа да көптеген атақты жазушылар, ақындар, суретшiлер, композиторлардың есiмдерi байланысты.

Бiр ғасыр iшiнде бiлiм беру мекемесi облыстың, республиканың бiлiм беру ұйымдары үшiн 30 мыңнан астам мұғалiм дайындады.

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжi бүгiнде — бұл заманауи бiлiм беретiн мекеме, оның басты жетiстiктерiнiң бiрi бiлiм беру жүйесiнiң үздiксiз кәсiби бiлiм беру болып табылады (жұмысшы мамандықтары, орта буын мамандары, қолданбалы бакалавриат), құзыреттiлiк мен дағдылардың кең спектрi бар бiлiктi мамандар даярлау.

Колледж базасында құзыреттiлiк орталығы жұмыс iстейдi, «Жас маман» жобасы аясында ағымдағы жылы 323 млн.теңгеден астам сомаға заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Колледж оқытушылар құрамында — ҚР бiлiм беру iсiнiң үздiктерi, ҚР бiлiм беру жүйесiнiң құрметтi азаматтары, «Ы.Алтынсарин» төсбелгiсiнiң иегерлерi, «Жыл ұстазы», «Жүзден жүйрiк» байқауының облыстық, республикалық кезеңдерiнiң жеңiмпаздары, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңiмпаздары.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында колледж студенттерiмен, педагогикалық ұжыммен, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң ардагерлерiмен, өткен жыл түлектерiмен бейнеконференция өттi.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қ.I. Ақсақалов Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойлық құттықтау хатын табыстап, студенттер мен оқытушыларды мерейтоймен құттықтады.

Оқытушылар құрамы мен колледж студенттерi болашаққа сенiммен қарайды, аймақтың, елдiң дамуына үлес қосуға, жаңа жетiстiктер мен жеңiстерге жетуге ұмтылады!

Дата публикации
01 декабря 2020
Дата обновления
01 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы