Уәлиханов ауылшаруашылық колледжiнiң студентi «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының XVI еңбек маусымының «ҮЗДIК САРБАЗ» номинациясы бойынша облыстық байқаудың жеңiмпазы болып танылды.
Сондай-ақ, оған маусымның жабылуы аясында 25000 теңге көлемiндегi сертификат және «ҮЗДIК САРБАЗ» Жасыл Ел мүсiншесi табысталды.
«Фермерлiк шаруашылығы» мамандығының «Бухгалтер» бiлiктiлiгi бойынша үшiншi курс студентi Балтина Жанна «Уалиханов ауылшаруашылық колледжi» КММ-н абыроймен ұсынды және «Жасыл Ел» «Үздiк САРБАЗ» номинациясы бойынша жеңiмпаз деп танылды.
Жанна екiншi жыл қатарынан «Жасыл елде» жұмыс жасап, өзiн жағымды жағынан көрсеттi. Ол өте ұқыпты және еңбекқор.
"Студенттер жыл сайын "Жасыл ел" жасағына тартылады, олар екi бағыт бойынша жұмыс iстейдi: көгалдандыру және абаттандыру.
"Жасыл ел" қатысушысы болу — бұл елiмiздiң жасылдандыруына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ортақ үйiнiң болашақ гүлденуiне жауапты республиканың жас азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған лайықты миссия".