Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ студенттерге арналған онлайн-дәрiс өткiздi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандық зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын белсендi түрде жалғастыруда. БЖЗҚ-ның халықпен тiлдесу үшiн таңдаған бұл жолғы тәсiлi — Қордың болашақ салымшылары, жоғарғы оқу орындарының студенттерiне арналған онлайн-лекция болды.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң бакалаврлары және магистранттарымен кездесу қашықтықтан онлайн пiшiмде өттi және жүзден астам қатысушыны жинады. Дәрiс барысында Қор басшылығы мен мамандары әлемде қандай зейнетақы модельдерi бар екенiн, қазақстандық зейнетақы жүйесi қалай жұмыс iстейтiнiн қолжетiмдi түрде түсiндiрдi, көрнекiлiк кестелердiң көмегiмен үйлестiрушi зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы жүйеге көшу қажеттiлiгiн және көптеген басқа да мәселелердi түсiндiрдi.

Математикалық мамандық студенттерiн БЖЗҚ-ның актуарлық есептерi туралы таныстыру тұсаукесерi көбiрек қызықтырды. Атап айтқанда, Қазақстандағы демографиялық үрдiстер және олардың ел экономикасына әсерi студенттердi елең еткiздi. Өйткенi, БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес Қазақстанда 65 жас және одан жоғары жастағы халық үлесiнiң екi есеге ұлғаюы (БЖЗҚ болжамы бойынша ағымдағы 7,3%-дан 14,2%-ға дейiн және БҰҰ болжамы бойынша 14,1%-ға дейiн) орын алуы мүмкiн. Бұған қоса, Қазақстан халқының қартаюы нәтижесiнде халық үлесiнiң 25 жасқа дейiнгi (БЖЗҚ болжамы бойынша -3,2% және БҰҰ болжамы бойынша -4,5%) және 25 жастан 65 жасқа дейiнгi «еңбекке қабiлеттi жастағы халық» үлесiнiң (БЖЗҚ болжамы бойынша -3,1% және БҰҰ болжамы бойынша -1,7%) төмендегенi байқалады.

ХАТУ ерекшелiгiне және ондағы ақпараттық технологиялар мамандықтарының көптiгiне байланысты онлайн-кездесудiң тұтастай бiр бөлiгi БЖЗҚ-ның электрондық сервистерi мен ақпараттық жүйелерiнiң жұмысына арналды. Коронавирус iндетiне және енгiзiлген шектеу шараларына байланысты Қор қызметкерлерiнiң едәуiр бөлiгi қашықтықтан жұмыс iстеу режимiне ауыстырылды, бiрақ бұл БЖЗҚ-ның толыққанды жұмыс iстеуiне кедергi болмады. Сондай-ақ, жаңа технологиялардың дамуы мен Қор салымшылары үшiн барлық қызметтердiң электрондық жүйелерiнiң жақсы жұмыс iстеуiнiң арқасында 2020 жылы қызметтердiң 92% астамы онлайн форматта өткiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдығы 15,2% өстi. Қазiргi уақытта қызметтердiң толық спектрiн салымшылардың көпшiлiгi үйден шықпай-ақ алады. Сонымен қатар кездесу барысында ақпаратты жинау, iздеу, сақтау, өңдеу үдерiсi мен әдiсi бойынша жұмыстың қыр-сыры талқыланды.

БЖЗҚ жастарға айналып соқпай қоймайтын кәрiлiктi лайықты қарсы алу үшiн өздерiнiң зейнетақы шоттарын жүйелi түрде толықтырудың қаншалықты маңызды екенiн түсiндiру мақсатында болашақта студенттермен осындай кездесулердi тұрақты түрде өткiзудi жоспарлап отыр.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы