Оқу жылының басында орта бiлiм беру мектептерiнiң директорлары мен ТжКБ ұйымдарының басшылары арасында ғылыми жұмыстардың "Табыс кiлтi" республикалық онлайн-байқауы өттi. «Петропавл қаласының машина жасау колледжi» КММ директоры Анатолий Павлович Фурманюк ұсынған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негiздерiн құндылықтарды оқудан тыс қызметке интеграциялау арқылы терең түсiнудi қалыптастыру" жобасы 1 дәрежелi дипломмен марапатталды.
