6. Өңiрлiк кеңестi төраға — «Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм басқармасы» КММ бiлiм басқармасының басшысы басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi және оның жұмыс жоспарын бекiтедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Өңiрлiк кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Өңiрлiк кеңес мүшелерi өз қызметiн қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
8. Өңiрлiк кеңес отырыстары бiр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Өңiрлiк кеңес шешiмдерi оның отырысына қатысқан Өңiрлiк кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
9. Өңiрлiк кеңес мүшелерi Өңiрлiк кеңестiң қызметi, қабылданған шешiмдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Өңiрлiк кеңестiң құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзе алады.
10. Өңiрлiк кеңес мүшелерi отырыста қаралатын мәселелердi талқылау кезiнде тең құқықтарға ие. Өңiрлiк кеңес шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, мұнда әрбiр мүшенiң бiр дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс шешушi болып табылады.
11. Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм басқармасы Өңiрлiк кеңестiң жұмыс органы (бұдан әрi — Жұмыс органы) болып табылады.
12. Жұмыс органы:
13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Өңiрлiк кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Өңiрлiк кеңес отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Өңiрлiк кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Өңiрлiк кеңестiң мүшесi болып табылмайды.
14. Өңiрлiк кеңес шешiмi Өңiрлiк кеңес мүшелерi бұрыштама соғатын және оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
4. Өңiрлiк кеңес қызметiн тоқтату
15. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ бастығының бұйрығы Өңiрлiк кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.