Өңiрлiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
- бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу;
- техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
- экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
- бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдай жасау;
- кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушiлердiң қатысуын қамтамасыз ету;
- кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру үшiн еңбек нарығының бiлiктi кадрларға сұранысын жоспарлау мен болжау;
- кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту және дуальдi оқытуды енгiзу;
- техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi басқару мен қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
- кадрлар даярлауға, кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге, қоғамдардың бiлiктiлiгiн бағалауға мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, жұмыс берушiлердiң қатысуы;
- бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасын ұйымдастыру және бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру.
5. Өңiрлiк кеңес өз мiндеттерiне сәйкес:
- кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
- өңiр экономикасын бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлейдi;
- Өңiрлiк кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.