Меню

Страницы

Статья

НҚА жобалары

«2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орындарынан
кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын бекіту туралы
» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысы жобасына
түсіндірме жазба хаты

«2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Осы қаулы жобасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің :

1. 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ( қаулыға 1-қосымша), келесі жоғары оқу орындарында 50 орын:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша — 5 білім беру гранты, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» — 10 білім беру гранты, «Денсаулық сақтау» — 10 білім беру гранты;
  2. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ветеринария» бағыты бойынша — 10 білім беру гранты;
  3. «Қарағанды медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы. «Денсаулық сақтау» — 10 білім гранты.

2. «Астана Медицина Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша 102 білім гранты мөлшерінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ( қаулыға 2-қосымша).

Осы оқу орындарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің бюджет қаражатынан орналастырылады. Білім беру гранттары бойынша білім алушылар бюджет қаражаты есебінен оқиды, оқу орнын бітіргеннен кейін олармен 3 жыл бойы міндетті жұмыспен өтеумен шарт жасалады.

Басшы Г. Кәрімова

Жоба

2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар бекітілсін:

  1. осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
  2. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

  1. осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына
Түсіндірме жазба

«Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеуші орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ болып табылады.

Нормативтік-құқықтық актінің жобасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы негізінде әзірленді.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру мөлшері ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес анықталады.

Әдістеме бойынша есептелген 2021 жылы бір тәрбиеленушіге арналған қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі (теңге)

 

топтың атауы

қала

ауыл

Жалпы білім беретін

жарты күн болатын топтар

16 617,0

18 184,0

болу режимі 9 сағаттық топтар

35 632,0

38 766,0

болу режимі 10,5 сағаттық топтар

38 489,0

42 015,0

 

санаторлық топ

56 748,0

62 625,0

 

түзету тобы

67 741,0

75 087,0

(есептеулер қоса беріледі)

ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мөлшері Әдістемеге сәйкес есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

Ата-ана төлемақысының мөлшері Солтүстік Қазақстан облысының аудандары мен Петропавл қаласының білім бөлімдері ұсынған есептеулер негізінде анықталды (қоса беріледі).

1. Петропавл қаласы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда – 16617 теңге (қала);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 38489 теңге (қала);

- санаторлық топтарда – 56748 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 67741 теңге (қала).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 11231 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 14256 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

2. Қызылжар ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда – 18184 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 7000 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 12000 теңге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 7000 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 14000 теңге.

3. Мамлют ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда – 18184 теңге (ауыл), 16617 теңге (қала);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл), 38489 теңге (қала).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 10670 теңге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 13706 теңге.

4. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда – 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 10156 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 10156 теңге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 12372 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 12372 теңге.

5. Уәлиханов ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 7250 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 8215 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге.

6. Мағжана Жұмабаев ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл), 16617 теңге (қала);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл), 35653 теңге (қала);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл), 38489 теңге (қала);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл), 56748 теңге (қала).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 2950 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 10660 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 10660 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 2950 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 12880 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 12880 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге.

7. Айыртау ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 10200 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда –0 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 10500 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 0 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

8. Тайынша ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл), 16617 теңге (қала);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл), 35653 теңге (қала);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл), 38489 теңге (қала);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл), 56748 теңге (қала);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл), 67741 теңге (қала).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 8084 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 0 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 10293 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

9. Аққайын ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 11383 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 13192 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 14420 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 17046 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

10. Ақжар ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 9270 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 9270 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 11327 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 11327 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге

11. Шал ақын ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл), 16617 теңге (қала);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл), 35653 теңге (қала);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл), 38489 теңге (қала);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл), 56748 теңге (қала);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл), 67741 теңге (қала).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 2500 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 5000 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 8450 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері

- жарты күн болатын топтарда - 2500 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 5000 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 8450 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге

12. Жамбыл ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 3300 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 6300 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 8600 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 3300 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 6300 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 9100 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

13. Есіл ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 10500 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 10500 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 12100 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 12100 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

14. Тимирязев ауданы бойынша.

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны:

- жарты күн болатын топтарда - 18184 теңге (ауыл);

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 38766 теңге (ауыл);

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 42015 теңге (ауыл);

- санаторлық топтарда – 62625 теңге (ауыл);

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 75087 теңге (ауыл).

3 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 9303 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 10500 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 тенге.

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар баратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері:

- жарты күн болатын топтарда - 0 теңге;

- балалар 9 сағат болатын топтарда – 9303 теңге;

- балалар 10,5 сағат болатын топтарда – 0 теңге;

- санаторлық топтарда – 0 теңге;

- бұзушылықтар түрлеріне қарай арнайы топтарда – 0 теңге.

Басшының м. а. Т. Протопопова

ЖОБА

Солтүстiк Қазақстан облысында 2021 жылға арналған мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бекiтiлсiн;

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Петропавл қаласында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

2). осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қызылжар ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мамлют ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Уәлиханов ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Айыртау ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес Тайынша ауданы 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес Аққайың ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес Ақжар ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Шал ақын ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес Жамбыл ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес Есiл ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi;

14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес Тимирязев ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.

2. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа ен Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi гiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмi Қ. Ақсақалов

Қосымша

ЖОБА

«Орта бiлiм беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидаларын бекiту
туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы
16 ақпандағы № 59 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы»

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6- бабының 2- тармағы 24-6) тармақшасына, «Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабымен сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Орта бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидаларын бекiту туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына (2015 жылғы 31 наурызда «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3164 болып тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Орта бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидаларында:

21 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарифтелетiн педагогикалық жүктеменiң көлемi «Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес белгiленедi».

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi Қ. Ақсақалов

2020-2021 оқу жылына арналған жоғары оқу
орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналар бекiтiлсiн осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы.

2. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмi Қ. Ақсақалов

Қосымша

Дата публикации
22 июля 2021
Дата обновления
22 июля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы