Құрылыс
Облыста 3 апатты мектеп бар (Тайынша қ. № 1 орта мектебі, Вишневка ОМ және Драгомиров ОМ).
Апаттылық мәселесін шешу үшін Вишневка ауылында 120 орындық мектеп және Тайынша қаласында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Драгомировка ауылында 120 орындық мектеп салу жоспарлануда.
Білім беру объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу
2022 жылы 26 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге 2446,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жөндеу жұмыстарын жүргізу оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға, температуралық режимді нормативтік, энергия және жылу тиімділігіне дейін сақтауға, сондай-ақ ғимараттардың эстетикалық көрінісін жақсартуға мүмкіндік береді.
2022-2023 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алу
2022 жылы оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге 930,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: оқулықтар — 830,4 млн.теңге, көркем әдебиет — 73,5 млн. теңге, оқулықтарды жеткізу — 26,8 млн. теңге).
Ағымдағы жылы 2-сыныпқа арналған оқулықтарды, 5 және 7-сыныптарға арналған неміс тілін, 7-сыныпқа арналған «Физика» және «Химия» билингвалды оқулықтарды және 5-11-сыныптарға арналған «Абайтану» оқулықтарын жаңарту жоспарлануда, 1,3-11-сыныптарға арналған оқулықтарға қосымша сатып алынады және көркем әдебиет сатып алынады.
Көмiр сатып алу
2022-2023 жж. жылыту маусымына 98,7 мың тоннадан астам көмір сатып алуға 1,1 млрд. теңге бөлінді.