Меню

Страницы

Статья

Олимпиадалар мен зияткерлік сайыстар: 2025-2026 оқу жылы

2025–2026 оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысының мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар аясында «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ дарынды білім алушыларды анықтау және қолдауға бағытталған республикалық олимпиадалар мен зияткерлік сайыстар кешенін өткізді.

Оқу жылы барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

  1. 2–4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасы;
  2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада;
  3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада;
  4. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада;
  5. Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада;
  6. 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада;
  7. Сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиада;
  8. Президенттік олимпиада;
  9. «Жоғары лига» жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадасы;
  10. 3–4 және 5–6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы;
  11. 10–11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы;
  12. Лингвистика бойынша республикалық олимпиада;
  13. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық зерттеу (ғылыми) жобалар конкурсы;
  14. 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары конкурсы.

Олимпиадалардың облыстық кезеңдеріне жалпы 3034 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша 332 оқушы Солтүстік Қазақстан облысының атынан республикалық кезеңге қатысу құқығына ие болды.

Облыстың құрама командасы республикалық кезеңдерде өңір намысын лайықты қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті және елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, 96 жүлделі орынды иеленді, оның ішінде:12 бірінші орын; 30 екінші орын; 54 үшінші орын.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, оқу пәндеріне деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ өңірдің дарынды жастарын тиімді қолдау мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етті.

Дата публикации
22 мая 2026
Дата обновления
22 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы