2019-2020 оқу жылында 21 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымында (84) Қамқоршылық кеңестер қызмет атқарады.
Қамқоршылық кеңесiнiң қызметi ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2017 жылғы 27 шiлдедегi № 355 бұйрығымен бекiтiлген бiлiм беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестiң жұмысын ұйымдастыру Үлгiлiк қағидаларымен және оны сайлау тәртiбiмен жүргiзiледi.
Қамқоршылық кеңес — техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметiн және дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылған. Қамқоршылық кеңес мүшелерi өз өкiлеттiгiн өтеусiз негiзде орындайды.
Қамқоршылық кеңестiң басшысы Қамқоршылық кеңестiң отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы болып табылады.
Қамқоршылық кеңес мүшелерiнiң саны тақ және кемiнде 9 адамнан құрылған. Қамқоршылық кеңес мүшелерi бiр-бiрiмен және сол бiлiм беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ.
Колледждердiң Қамқоршылық кеңес құрамы: жергiлiктi өкiлдiк — 3 адам; атқарушы — 12 адам және құқық қорғау органдарының өкiлдерi — 14 адам; жұмыс берушiлер мен әлеуметтiк әрiптестердiң өкiлдерi — 115 адам; коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдерi — 2 адам; ата-аналар — 44 адам.
Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымының Қамқоршылық кеңесi:
Колледж қызметкерлерi Қамқоршылық кеңестiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етедi.
Қамқоршылық кеңестiң отырысы қажеттiлiгiне қарай тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестiң отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесiнiң жалпы санының үштен екiсiнiң бастамасымен шақырады.
Қамқоршылық кеңестiң отырысы, егер қамқоршылық кеңестiң барлық мүшелерi отырыстың өткiзiлу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының 2/3 қатысса өткiзiледi.
Қамқоршылық кеңестiң шешiмi ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердiң дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестiң төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының мiндеттерiн атқаратын тұлға дауыс берген шешiм қабылданады.
Қамқоршылық кеңестiң шешiмi отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестiң барлық мүшесi қол қойылған хаттамамен рәсiмделедi.
Бiлiм беру ұйымына қайырымдылық көмек Қамқоршылық кеңестiң шешiмiмен: