«Мәңгiлiк ел жастары индустрияға!» — «Серпiн» бағдарламасы елiмiздiң еңбек күшi көп шоғырланған аймақтарынан келген жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында 2014 жылынан бастап жүзеге асырылады.
Бүгiнгi күнi, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында «Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!» — «Серпiн» бағдарламасы 3 мамандық бойынша 96 студент бiлiм алады.
2019-2020 оқу жылына жаңа, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 50 адам оқуға қабылданды: «Ағылшынша бiлiмi бар бастауыш бiлiм беру мұғалiмi» бiлiктiлiгiмен «Бастауыш бiлiм беру» — 25 адам; «Қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi» бiлiктiлiгiмен «Негiзгi орта бiлiм беру» — 25 адам.
Ауыспалы контингент — 48 адамды құрайды.
Бағдарламаның барлық қатысушылары жатақхана орындарымен қамтамасыз етiлген, жатақхана төлемi айына 2500 теңгенi құрайды.
Колледже студенттердiң бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыс атқарылуда, студенттер үйiрмелер және секцияларға белсене қатысады.
Колледждерде бiлiм алатын студенттер келесi төлемақыларға ие: шәкiртақы 16759 теңге, үздiк оқитын студенттерге — 19273 теңге; жол жүру өтемақысы 4 АЕК; бiрiншi оқу жылы киiм-кешекке арналған қаражат — 35 АЕК.
Колледжде оңтүстiк өңiрлерiнен келген бiтiрушiлердi Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпорындарына орналастыру мақсатында өндiрiстiк тәжiрибелерден өту орындары және жұмыспен қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк серiктестермен 38 келiсiмшарт жасалды.
2019 жылы бағдарлама бойынша 122 адам оқуын тәмамдады, олардың 62-i жұмысқа орналасты (оның iшiнде СҚО-да — 26 адам); ЖОО-да оқуын жалғастыруда — 33 адам (оның iшiнде СҚМУ-де — 3 адам); әскери қызметте — 9 адам; декреттiк демалыста — 4 адам; шет елге құжаттарын даярлауда — 1 адам; 13 адам тұрақты мекен-жайы бойынша жұмыс орнын iздеуде.
Ағымдағы жылы облыста қалған 26 түлектiң 15-i еңбек ұтқырлығы аясында ерiктi түрде қоныстануға қатысушылардың қатарына қосылып, кепiлдендiрiлген әлеуметтiк қолдауға ие болды (қоныс аударуға арналған субсидия — 35 АЕК; қалада жалға берiлетiн тұрғын үй субсидиясы — 20 АЕК, ауылда — 15 АЕК).
Жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жалғасуда.
2019 жылдан бастап «Енбек» нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына аталған жоба түлектерiнiң кемiнде 3 жыл жұмыс iстеуi бойынша норма енгiзiлдi.
2021 және 2022 жылдары оқуын тәмамдайдын М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерi облысымызда мiндеттi түрде жұмыс атқаруларына жатады.