Меню

Страницы

Статья

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

«Қаржы орталығы» АҚ
Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Бiлiм беру кредиттерi: Оқу ақысын бүгiн төле!

  • кепiлзатсыз;
  • кредит мерзiмi 10 жылға дейiн;
  • кредиттi өтеу ЖОО-ды бiтiргеннен соң 6 айдан кейiн;
  • кредиттiң сомасы шектелмейдi;

Бiлiм беру депозиттерi: Балаңыздың келешек оқуына қаражат жижинақта!

  • Салымның минималды сомасы — 3 АЕК (2020 жылда 7953 тг.);
  • Салымшы жарналардың мерзiмдiлiгi мен ұзақтылығын өзi белгiлейдi;
  • Қазақстан және шет елдерiнде оқу ақысын төлеу;
  • Салым бойынша табыстылық:
  • банктiң сыйақысы 10%;
  • мемлекет сыйлықақысы 5-7%

Сұрақ бойынша немесе қосымша ақпарат алу үшiн хабарласуыңызды сұраймыз:

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгiлiк Ел көшесi, 18
Тел/факс: 8 (7172) 695-060, 695-047
8 800 080 28 28 (тегiн)
Сайт: www.fincenter.kz
E-mail: fincenter@fincenter.kz

 

ТжКБ ұйымдарында үгiт-насихаттау жұмысы келесi бағыттар бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады:

  • қала мектептерiнiң түлектерiмен кездесулер;
  • колледждерде экскурсия өткiзу;
  • тағайындалған аудандар бойынша ЦӘК оқытушыларымен үгiт-насихаттау жұмыстарын жүргiзу;
  • әр оқытушының жеке үгiт-насихат жұмысын жүргiзу;
  • мектептерде ата-аналар жиналыстарында ақпарат беру;
  • үгiт-насихаттау топтарының аудандардар бойынша жұмыс жүргiзу;
  • «Талапкер» операциясы.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Петропавл қаласындағы барлық мектептерде №1, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 20, 21, 23, 24, 26, 32, 40, 41, 42, 43, 44, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты, С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжiнiң лицей, «Дарын» мектеп-лицейi, Әл-Фараби атындағы қазақ мектеп-гимназиясы кәсiптiк бағдар беру (үгiт-насихаттау) жұмыстары жүргiзiлдi.

Колледж оқытушылары мектеп әкiмшiлiктерiмен, 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесiп, оқушыларды келесi оқу жылына мамандықтарымен таныстырып, қабылдау ережелерi, ТжКБ бiлiм ұйымдарының тарихы, жетiстiктерi, оқу жұмысы туралы мәлiмет бердi.

Жұмыс барысында колледждерге оқуға түскiсi келетiндердiң (алдын ала) тiзiмi жасалды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Байкен Әшiмов атындағы Петропавл темiржол көлiгi колледжiнде «Жастар: кәсiби болашақтың траекториясы» атты облыстық студенттiк форум өттi, оған Петропавл қаласындағы №40, №10 мектеп, № 17 мектеп оқушылары да қатысты.

Гуманитарлық-техникалық колледжде Кәсiби бағыт-бағдар беру орталығымен бiрлесе «Мамандық таңдау — жолды таңдау!» атты облыстық конкурс өткiзiлдi. Байқаудың мақсаты: жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы мен беделiн жоғарылату және оқу орнының беделiн көтеру арқылы мамандықтағы ең үздiк дарынды және шығармашылық тұлғаларды анықтау. Конкурсқа 200-ден астам мектеп оқушысы қатысты.

Е. Дәуiтов атындағы Петропавл қызмет көрсету колледжiнде жастар арасында жұмысшы кәсiптерiн кеңiнен тарату мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелерi басқармасымен, «Жас Ұлан» ҚБ бiрлесе отырып «City Mall» сауда орталығында және № 9 орта мектебiнде «Шеберлер қаласы» iс-шарасын өткiздi. Онда, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, колледж студенттерi «Наубайхана, макарон және кондитерлiк өнiмдер», «Шаштараз және сән косметикасы» мамандықтары бойынша ең тартымды дағдыларды көрсеттi. Қамырды кесу, әр түрлi тоқылған шаштар мен шаш үлгiлерi және басқалары; Қалалық кәсiпорындардың мамандарын, оның iшiнде бұрынғы колледж түлектерiн шақырумен «Шаштараз және сән косметикасы», «Тiгiн өндiрiсi және киiмдi модельдеу», «Аяқ киiм жасау» мамандықтары; «Айыртау ауылшаруашылық колледжi» КММ-де жастар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңiнен насихаттау мақсатында 28 наурызда «Мамандықтар кемпiрқосағы» кәсiби бағдар беру iс-шарасы өттi.

Ғ. Мүсiрепов атындағы облыстық балалар-жасөспiрiмдер кiтапханасында ағымдағы жылдың сәуiр айында «Өз қалауыңыз бойынша маршрут таңдаңыз» мамандықтар жәрмеңкесi өттi, оған қала мектептерiнiң оқушылары қатысты. Бұл шарада кәсiптiк бiлiм беру шеберлерi мен колледж студенттерi барлық мамандықтар бойынша кәсiби шеберлiктерiн көрсеттi, шеберлiк сабағын өткiздi, буклеттер, материалдармен бiрге прайс-парақтар таратылды.

Сондай-ақ, Жастар жылына арналған iс-шаралар жоспарын орындау аясында сәуiр айында «Тiгiн өндiрiсi және сән дизайны» мамандығы бойынша «Болашақтың жастары» байқауы өттi.

Новоишимка аграрлы-техникалық колледжiнде 2019ж. 20 ақпанында «Колледждiң әлеуметтiк серiктестермен диалогы, еңбек нарығын кадрлармен қамтамасыз етудiң негiзi» атты дөңгелек үстел өттi, оған әлеуметтiк серiктестер, аудан әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң өкiлдерi Ғабит Мүсiрепов қатысты.

«Петропавл кәсiби колледжiнде» КММ-де қаңтар айында студенттер арасында «Тас қалаушы» бiлiктiлiгi бойынша сайыс өттi.

Осы жылдың сәуiр айында М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжiнiң оқытушылары кәсiптiк бағдар беру мақсатында Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелi, Қармақшы, Сырдария аудандарына саяхат жасады.

Мереке күндерi және диплом алды практика барысында М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждiң студенттерi қатысқан «Талапкер» операциясы өткiзiлдi.

Колледждiң мамандықтары, материалдық-техникалық жабдықталуы туралы колледждiң туралы түсiнiк қалыптастыру және мектеп оқушыларына кәсiби бағдар берудi қамтамасыз ету мақсатында барлық облыс колледждерiнде мектеп оқушылары үшiн Ашық есiк күндерi өткiзiлдi.

Iс-шара барысында мектеп оқушыларына колледждер бойынша экскурсиялар, мамандықтар туралы презентациялар, сабаққа қатысу, студенттердiң кәсiби артықшылықтарын анықтау бойынша сауалнамаларды өткiзу, үздiк колледж бiтiрушiлерiмен және әлеуметтiк әрiптестермен таныстыратын видеороликтердi көрсетудi қамтитын бағдарлама ұсынды.

Колледж қызметi, өткiзiлетiн iс-шаралар, 2019-2020 оқу жылындағы мамандықтар, оқуға қабылдау туралы ақпарат колледждердiң веб-сайттарында, «ВК», «Instagram» әлеуметтiк желiлерiнде және басқа да интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында («Караван», «Проспект С.К.», «Солтүстiк Қазақстан», «Северный Қазақстан» газеттерi және т.б.) хабарландыруды жариялау арқылы орналастырылды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық аудандарында және Петропавлда 9000 астам студенттi қамтитын үгiт-насихаттау жұмыстары жүргiзiлдi.

Мұрағат (2018 ж.)

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы