«Жастар — Ел тiрегi» ұлттық жобасының бiр бөлiгi болып табылатын «Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсiмiнде берген тапсырмасына сәйкес әзiрлендi.
«Еңбек» жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Үкiметiнiң қаулысымен «Жас маман» жобасының операторы болып «Кәсiпқор «Холдингi» КЕАҚ белгiлендi.
«Жас маман» жобасының мақсаты 180 колледждi және 20 жоғары оқу орнын 100 аса талап етiлетiн мамандықтар бойынша жаңғырту және бiлiктi мамандарды даярлаудың халықаралық тәжiрибесiн енгiзу болып табылады.
«Жас маман» жобасы аясында бiлiм беру процесiн жаңғырту, оқытушылар мен өндiрiстiк оқыту шеберлерiн оқыту үшiн шетелдiк әрiптестердi тарту, сондай-ақ мәлiмделген кәсiптер бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламаларын жасауға жәрдемдесу жоспарлануда.
Облыстың бiлiм басқармасының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 754 бұйрығымен «Жас маман» жобасын iске асыру үшiн 10 алдыңғы қатарлы колледждi анықтау бойынша өңiрлiк комиссия құрылды, оның құрамына бизнес-құрылымдар өкiлдерiнiң 50% кiрдi.
«Жас маман» жобасын iске асыру ережесiне сәйкес (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы) және ҚР БжҒМ мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасындағы меморандум шеңберiнде «Жас маман» жобасы бойынша колледждердi дамыту үшiн «Жас маман» жобасын қоса қаржыландыруға жергiлiктi бюджет есебiнен 5% көлемiнде бюджет қаражаты қарастырылған және қажеттi коммуникация мен инфрақұрылымды жүргiзумен, тиiстi жиһазбен қамтамасыз ету үшiн үй-жайларды дайындау, жөндеу жұмыстарын жүргiзу бойынша жұмыстар басталды.
Жергiлiктi бюджеттен 2020 жылға «Жас маман» жобасын қоса қаржыландыруға 64,6 млн. теңге қарастырылған.
Өңiрлiк комиссияның шешiмi бойынша iрiктелген мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын 9 колледж, оның iшiнде екi құзыреттiлiк орталығы анықталды
«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжi» КМҚК (құзыретiлiк орталығы)
«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК (құзыретлiлiк орталығы)
«Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» КМҚК
«Петропавл қаласының машина жасау колледжi» КММ
«Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi» КМҚК
«Саумалкөл а. агротехникалық колледжi» КММ
«Новоишим аграрлық-техникалық колледжi» КММ
«Тайынша агробизнес колледжi» КММ
«Кәсiптiк дайындық және сервис колледжi» КММ
2020 жылы колледждерге арналған жабдықтар сатып алу жоспарлануда:
| № | Атауы | РБ сомасы (млн. теңге) | 5% ЖБ (млн. теңге) |
| 1 | Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі | 323 312,0 | 16 165,5 |
| 2 | Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі | 323 312,0 | 16 165,5 |
| 3 | М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж | 323 312,0 | 16 165,5 |
| 4 | Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі | 323 312,0 | 16 165,5 |
| барлығы | 1 293 248, 0 | 64 662,0 |
Оқу-материалдық базаны жаңғырту Worldskills форматында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшiн қазiргi заманғы құзыреттер орталықтарын құруға мүмкiндiк бередi.
Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде автокөлiктi диагностикалау, жөндеу және пайдалану бойынша зертхана құрылады, сонымен қатар «Электр жабдықтары» кабинетiнiң базасы айтарлықтай нығаяды.
М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде жұмыс iстеп тұрған IT-технологиялар құзыреттiлiк орталығына жаңа буынды мультимедиялық кабинеттер, 3D-модельдеу, робототехника кабинеттерi, баспахана түседi.
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнде құрылыс материалдарын сараптау бойынша зертхана құрылады, автотиегiш және т.б. сатып алынады.
Бүгiнгi күнi колледждерде, «Жас маман» жобасының қатысушыларында арнайы пән кабинеттерiнде, зертханаларда, шеберханаларда жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.
2020 жылдың наурыз айында Петропавл қ. машина жасау колледжiне, Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiне, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжге жабдықтар жеткiзу басталды.