Меню

Страницы

Статья

Қашықтықтан білім беру технологиялары

«М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК Қашықтықтан оқыту технологиялары

Әлемдегi соңғы болған оқиғалар бүкiл адамзатты дүр сiлкiндiрдi. Елiмiздегi қалалардың карантинге жабылуы, қоғамдық шаралардың кейiнге шегерiлуi — бәрi бiздер үшiн күтпеген жаңалық.

Колледжде қашықтықтан бiлiм беру технологияларын күндiзгi оқу бөлiмiнде 1208 студент меңгеруде, 5 мамандық бойынша кадрларды даярлау оқытудың модульдiк технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады, 3 мамандық бойынша кредиттiк-модульдiк технологияларды қолдану арқылы бағдарламалар игерiлуде.

Оқытушылар студенттердiң күнделiктi тапсырмаларды орындау деңгейiн «Sova.ws» электронды басқару жүйесi, электрондық пошта, мессенджерлер: WhatsApp, Telegramm және т. б.арқылы бағалайды.

Колледждiң интернет-ресурстарында сабақ кестесi, бақылау және емтихан жұмыстары, оқу-әдiстемелiк материалдар және т.б. орналастырылады.

Қашықтықтан оқыту режимiнде «Мектепке дейiнгi бiлiм беру», «Бастауыш бiлiм беру», «Негiзгi орта бiлiм беру» мамандықтары бойынша «Серпiн-2050 Мәңгiлiк ел жастары индустрияға» бағдарламасы бойынша бiлiм алатын 95 студент бар. Олардың 85% Қызылорда облысының және Түркiстан облысы мен Шымкент, Сарыағаш, Жетiсай, Қазалы елдi-мекендерiнен келген студенттер. Үлгерiмнiң ағымдық бақылауын тексеру студенттiң және оқытушының тiкелей қарым-қатынасы негiзiнде on-line режимiнде телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Пән мұғалiмдерi Bandicam бағдарламасымен бейнесабақтар жазып және Zoom қосымшасы арқылы бейнеконференциялар ұйымдастырып, бiлiм алушылармен керi байланыс жасауда.

«Серпiн-2050. Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға» бағдарламасы бойынша бiлiм алушы студенттермен тәрбие жұмысы қашықтықтан оқу кезiнде қажеттi деңгейде ұйымдастырылуда. Колледждiң үйiрме жұмысына қатысушы студенттер үлкен қызығушылық танытып, бос уақыттарын ұйымдастыруы бойынша есептерiн үйiрме жетекшiлерiне мақтанышпен суреттiк есеп, бейне жазба, слайд түрлерiнде ұсынады. Бiлiм алып жатқан оқу орнына, оқытушыларына деген сүйiспеншiлiгi мен сағыныш сезiмдерiн студенттер «Қашықтық бiзге тосқауыл емес» деген ұранмен «Ұстазға алғыс айту» челленджiн ұйымдастырып, оны бейнежазба құрастырып сыйлық ретiнде ұстаздарына тарту еткен.

«Кәсiпкерлiк негiздерi»

Колледж студенттерi «Кәсiпкерлiк негiздерi» арнайы курсын оқиды. Курстың жалпы ұзақтығы — 36 сағат. Бұл курстың негiзгi мақсаты — жастарды кәсiпке бағыттау. Курс аяқталғаннан кейiн студенттер өздерiнiң бизнес жобаларын қорғайды, оны аймақтық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi бағалайды және сертификаттар бередi.

Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде бұл пәндi О.А.Оньшина 385 соңғы курс түлектерiмен жүргiзедi. Сабақта студенттер бизнес деген не, кәсiпкерлiк деген не екендiгi туралы түсiнiкке ие болып, жеке бизнес-жобаларын құруға тырысты.

«Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша №34 топ студенттерi қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, пәндi оқып, он-лайн режимiнде жеке бизнес жобаларын қорғады.

Бұл бизнес жобалары бiздiң түлектерiмiздiң бизнес әлемiндегi алғашқы қадамы болады және болашақта олар Қазақстанның дамуына өз үлестерiн қосады деп сенемiз.

ТжКБ ұйымдарындағы қашықтықтан бiлiм беру технологиялары

2020 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ағымдағы жылдың 14 наурыздағы № 108, ағымдағы жылдың 1 сәуiрдегi №123 бұйрығына сәйкес облыс колледждерi қашықтықтан оқыту режимiнде оқуға көштi.

Облыс колледждерiнде қашықтықтан бiлiм беру технологияларын күндiзгi оқу бөлiмiнде 9433 студент меңгеруде.

21 колледжде 33 мамандық бойынша кадрларды даярлау модульдiк оқыту технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

1 колледжде 6 мамандық бойынша несие-модульдiк технологияларды қолдану арқылы бағдарламалар игерiлуде.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде және Солтүстiк Қазақстан жоғары медициналық колледжiнде 1 курс студенттерi «Бастауыш бiлiм беру», «Мейiрбике iсi» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавр бағдарламаларын меңгередi.

Колледждердiң интернет-ресурстарында сабақ кестесi, бақылау және тексеру жұмыстары, оқу-әдiстемелiк кешендер және т.б. орналастырылады.

Оқытушылар студенттердiң күнделiктi тапсырмаларды орындау деңгейiн бағалауды электронды пошта, мессенджерлер: WhatsApp, Telegramm және т.б. арқылы жүргiзедi.

Үлгерiмнiң ағымдық бақылауын тексеру студенттiң және оқытушының тiкелей қарым-қатынасы негiзiнде on-line режимiнде телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Специальность: Основное среднее образование
Дисциплина: английский язык
Тема: Education in Great Britain
Преподаватель: Жуланова А.М.

Специальность: Начальное образование
Дисциплина: Педагогика
Преподаватель: Саримова А.Т.

Специальность: Начальное образование
Дисциплина: Подготовка к пробной практики
Тема: Составление краткосрочного плана к урокам художественного труда
Преподаватель: Саткенов Е.Ш.

Специальность: Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту
Дисциплина: Әлеуметтiк педагогика
Тема: Нашақорлық девиантты тәртiптiң түpi ретiнде
Преподаватель: Куттумбетова Т.Н.

Специальность: Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту
Дисциплина: Педагогикалық этика негiздерi
Тема: Тәрбиешiнiң беделi
Преподаватель: Кожакенова С.Р.

Специальность: Начальное образование
Дисциплина: Основы менеджмента
Тема: Социально-психологические методы управления
Преподаватель Новикова Е.В.

Специальность: Основное среднее образование
Дисциплина: Охрана труда
Тема: Өртке қарсы алдын-алу
Преподаватель: Малгаждарова К.Г.

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы