Меню

Страницы

Статья

«Жас шаштараз - стилист» Junior Skills байқауы

2026 жылғы 28 сәуірде «И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ «Жас шаштараз - стилист» Junior Skills байқауы өтті, бұл Junior Skills қозғалысы аясындағы мектеп оқушыларын кәсіби қызметке ерте бағдарлауға және даярлауға бағытталған маңызды оқиға болды.

Байқау мақсаты мектеп бітірушілерді кәсіптік бағдарға жәрдемдесу және жастарды «Шаштараз-стилист» мамандығы бойынша оқуға шақыру болып табылады.

Биыл байқауға Петропавл қаласының білім беру мекемелерінен 19 оқушы қатысты, соның ішінде:

-        «№26 мектеп-балабақша» КММ;

-        «Сәбит Мұқанов атындағы №32 орта мектеп» КММ;

-        «№31 орталау мектеп» КММ;

-        «№42 орта мектеп» КММ;

-        «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ

-        «№23 орта мектеп» КММ;

-        «№12 орта мектеп» КММ;

-        «БЭСТ» гимназиясы.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Фантазиялық шаш үлгісі» және «Кешкі макияж». Қатысушылардың жұмыстарын әділқазы алқалары: колледждің әлеуметтік серіктестері, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары бағалады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

«Фантазиялық шаш үлгісі» номинациясында:

1 орын - Алпеева Виктория, «№26 мектеп-балабақша» КММ 8 сынып оқушысы;

2 орын – Вяткина Полина, «№23 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы;

3 орын – Бордуненко Нинель, «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы.

«Кешкі макияж» номинациясында:

1 орын – Слюско Анеля, «БЭСТ» гимназиясының 9 сынып оқушысы;

2 орын – Батрашова Каролина, «№23 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы;

3 орын – Шерер Снежана, «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 8 сынып оқушысы.

Қалған байқау қатысушылары сертифкаттармен марапатталды.  Барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Аталған байқау дәстүрге айналып, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ шаштараз-стилист мамандығына назар аударуға ықпал етеді.

Дата публикации
28 апреля 2026
Дата обновления
28 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы