Меню

Страницы

Статья

Қамқоршылық кеңес

03.04.2019 ж.

Қамқорлық кеңестерiнiң кеңейтiлген кеңесi «Қазiргi заманғы мектептегi Корпоративтiк басқару»

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы «Қызылжар — адалдық алаңы» жобасы аясында 2019 жылғы 03 сәуiрде Оқушылар сарайы базасында «Қазiргi заманғы мектептегi Корпоративтiк басқару» тақырыбында Қамқоршылық кеңестердiң кеңейтiлген кеңесiн өткiздi.

Кеңестiң модераторы — бiлiм басқармасының басшысы Каримова Гүлмира Раинбекқызы.

Кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң, «Қазақстан Халық банкi» АҚ СҚОФ өкiлдерi, Петропавл қаласы бiлiм беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесiнiң төрағалары, қалалық бiлiм беру мекемелерiнiң директорлары, облыстық мекемелердiң басшылары, колледж директорлары қатысты.

Отырыс барысында келесi мәселелер қаралды:

1) Қамқорлық кеңес — табысты мектептiң тиiмдi құралы («Әл-Фараби атындағы мектеп-лицей» КММ Қамқоршылық кеңесi).

2) мектептi жаңа басқару жолында Қамқоршылық кеңес («№43 орта мектеп» КММ Қамқоршылық кеңесi)»)

3) Қамқоршылық кеңес («№4 орта мектебi» КММ)

4)«Мектепке қайырымдылық көмек» смартбанкингi қосымшасының жұмысы туралы («Қазақстан Халық Банкi» АҚ СКОФ филиалы)

5) «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесiнiң қызметi туралы («Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесi)

«Қазақстан Халық банкi» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлерiмен бiрге Қамқоршылық кеңестердiң жұмысы және қамқоршылық кеңеске қолма-қол қаражат жинау мәселесi бойынша Петропавл қаласының мектеп директорларымен отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанда алғаш рет онлайн интернет банкинг әзiрлендi және құрылды, оның көмегiмен ашықтық пен айқындылық үшiн қала мектептерiнiң қайырымдылық қорларына қолма-қол ақшасыз қаражат аудару мүмкiн болады.

Осы кеңес шеңберiнде «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ мен «Қазақстан Халық Банкi» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы арасында төлемдердi қабылдау және аудару бойынша қызмет көрсету туралы шартқа қол қою жоспарлануда.

Дата публикации
31 декабря 2022
Дата обновления
31 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы