ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi жетiм балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
Қажеттi құжаттар тiзбесi, аккредиттеу туралы өтiнiштi қарау тәртiбi мен мерзiмдерi Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi және жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында көрсетiлген (ҚР БҒМ 2014 жылғы 9 9 желтоқсандағы № 227 бұйрық).
Сұрақтар туындыған жағдайда немесе қеңес алу қажеттiлiгi болса, 87172742341, 87172742033, 87016012976 телефондары арқылы жүгiнуге болады.