Инклюзивті білім беру — бұл кемсітудің барлық нысандарын жоя отырып, балалар мен қоғамдастықтардың алуан түрлілігі мен әр түрлі қажеттіліктері мен қабілеттерін, сипаттамалары мен үміттерін құрметтей отырып, барлығына сапалы білім беруге бағытталған жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.
Өңірде мүмкіндігі шектеулі (0-ден 18 жасқа дейін) 4 397 бала, оның ішінде 1 161 мүгедек бала бар.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім беру саласын дамыту үшін облыста 26 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде: 7 арнайы мектеп-интернат, 3 психологиялық -медициналық -педагогикалық консультация, 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 «Асыл Мирас» Аутизм орталығы.
Петропавл қаласының 6 балабақшасында 13 арнайы топ жұмыс істейді, онда әртүрлі бұзушылықтары бар 140-тан астам бала тәрбиеленуде.
Облыс орталығында «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен №40, №2, №27 орта мектептерде ресурстық кабинеттер ашылды, оларға 80-нен астам бала барады.
№21, № 8, № 23 орта мектептер жанынан «Болашақ» корпоративтік қайырымдылық қорымен бірлесіп, 25-тен астам баланы қамтитын аутистік спектрі бұзылған балалар үшін 3 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бұл кабинеттерде аз мамандар психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді, студенттерге оқу процесіне қосылуға, жағымсыз мінез-құлықтың, эмоционалды бұзылулардың алдын алуға көмектеседі.
2019 жылдан бастап облыстың барлық аудандарында жергілікті бюджет есебінен инклюзияны қолдаудың 15 сыныбы ашылды.
Инклюзивті білім беру үшін мынадай жағдай жасалды:
2020 ж. 10.04.
2020 жылдың 10 сәуiрiнде ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларға (мүмкiндiгi шектеулi балалар мен мүгедек балаларға) арналған «Juldyzai» XV Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалiнiң облыстық кезеңiнiң қорытындысы шығарылды.
Коронавирустың пандемиясы салдарынан мәжбүрлi оқшаулау жағдайында фестиваль сырттай-қашықтықтан өттi.
10-14 және 15-18 жас аралығындағы балалар «Хореография» және «Вокал» номинацияларында өз өнерлерiн көрсеттi.
Қатысушылардың шығармашылығын құзыреттi қазылар алқасы бағалады.
«Хореография» номинациясы:
«Вокал» номинациясы:
«Техникалық ұйымдастырушы» — Тарадаева Дарья Леонидовна — «облыстық балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығы орталығы» КММ эстетикалық бағыттағы әдiскерi.
Облыстық кезеңге № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернатынан, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернатынан, есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттан және Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандар мен Петропавл қ. мектептерiнiң оқушыларынан 10-17 жас аралығындағы 38 бала қатысты.
«Juldyzai» XV Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалiнiң облыстық кезеңiнiң нәтижелерi
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Жас тобы |
Мектеп |
Орын |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
«Вокал» номинациясы |
|||||
|
1 |
Савина Ева |
10-14 |
Жамбыл ауданының «И.П. Шухов атындағы Преснов жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» |
1 |
Савина Елена Анатольевна, |
|
2 |
Кайыржанова Дильназ |
10-14 |
Кызылжар ауданы |
2 |
Тургунбаева Назгуль Калеловна |
|
3 |
Янин Даниил |
10-14 |
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ |
2 |
Жакупов Димаш Миерманович |
|
4 |
Пчелинцева Татьяна Увалеева Ангелина Укубасов Рамазан Зотова Александра Волков Максим |
10-14 |
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ |
3 |
Жакупов Димаш Миерманович |
|
5 |
Суиндыкова Жанара Мухамедьяровна |
10-14 |
Аққайың ауданының «№ 1 Смирнов орта мектебі» КММ |
3 |
Кыдыкова Л.Т. |
|
6 |
Ворона София |
15-18 |
«Даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ |
1 |
Улитина Оксана Александровна |

|
«Хореография» номинациясы |
|||||
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Жас тобы |
Мектеп |
Орын |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
1 |
Доносова Эвелина Волкова Оксана Долгушева Анна Алаш Наталья |
10-14 |
«Даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ |
1 |
Кузьменко Оксана Станиславовна |
|
2 |
Абросимова Анастасия Буникянц Александр Гладченко Даниил Коровникова Виолетта Чепиков Александр Омельченко Анастасия |
10-14 |
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ |
2 |
Гребёнкин Вадим Викторович |
|
3 |
Абросимова Анастасия Буникянц Александр Гладченко Даниил Коровникова Виолетта Чепиков Александр Омельченко Анастасия Пчелинцева Карина Ахтаева Алтынай Блитсон Андрей Ботенков Вадим Янин Даниил |
10-14 |
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ |
2 |
Гребёнкин Вадим Викторович |
|
4 |
Абильбашарова Диана Нұрланқызы |
10-14 |
Мамлют ауданының «Покровка орта мектебі» КММ |
3 |
Омарова Динара Аскаровна |
|
5 |
Яковчук Елизавета |
10-14 |
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Калиновка орта мектебі» КММ |
3 |
Кордюченко Марина александровна |
|
6 |
Кушанова Дарина Потынг Яна Ромашко Екатерина Тулегенова Айгерим Тургун Дильназ |
15-18 |
«Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ |
1 |
Сухарева Марина Васильевна |

2020 ж. 18.03.
2020 жылдың 18 наурызында Есiл ауданының «Петровка орта мектебi» КММ базасында ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетiнiң ашылуы өттi.
Бұл облыс әкiмi Қ.И. Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша ауданда ашылған 8-шi ИҚК.
Ашылу салтанатына Есiл ауданының әкiмi А.Т. Абдуллаев, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Қ. Бектасова, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Қ.А. Әбiлғазин, ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Т.Қ. Мұқашев, мектеп педагогтары, ата-аналар қатысты.
Бiлiктi педагогтар (психолог, дефектолог-логопед) 22 «ерекше» балаларға олардың әлеуметтiк ортаға бейiмделуiне ықпал ете отырып, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететiн болады.



02.03.2020 ж.
02 наурызда № 2 Бескөл орта мектебiнде ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетiнiң ашылуы өттi. Кабинеттiң ашылу салтанатына Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Р.К. Әлiшев, облыстық бiлiм басқармасының басшысы Г.Р. Кәрiмова, Қызылжар ауданының әкiмi Ж.Г. Сәдуақасов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бiрiншi төрағасы М.М. Жұмабаева, аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы А.Е. Абдрахманов, педагогтар, оқушылар, ата-аналар қатысты.
Ауданда барлығы 249 бала туғаннан 18 жасқа дейiнгi «ерекше» балалар бар.
Балаларға арналған кабинетте психологиялық-педагогикалық көмек және коррекция алу үшiн: мамандармен жеке және топтық сабақтар, релаксация және ойындар, ата-аналарға консультациялық көмек алуға қолайлы жағдай жасалған.
Бұл облыс аудандарында ашылған 7 ККК. Осылайша инклюзивтi бiлiм берудi дамыту және қалалық және ауылдық бiлiм беру ұйымдары арасындағы алшақтығы жою бойынша жұмыс жалғасуда.



06.02.2020 ж.
«Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ 2020 жылдың 6 ақпанында «Арнайы бiлiм беру жүйесiн жаңғырту жағдайында бiлiм беру процессiн ұйымдастыру» атты облыстық семинар-практикум өттi. Семинар-практикум Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм беру Басқармасы бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының көмегiмен ұйымдастырылды.
Ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар оқушыларды оқытудың жаңартылған мазмұнын iске асыруда тәжiрибе алмасу және талқылау бойынша диалог алаңын құру семинардың мақсаты болып табылады.
Семинар форматы 6 секцияда жұмыс жүргiзудi қарастырды:
6 секцияның жұмысына Солтүстiк Қазақстан облысының түзету мектеп-интернаттарынан 37 педагог қатысты. Олар ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларға бiлiм берудiң жаңартылған мазмұны аясында сабақ үзiндiлерiн, мастер-класстарды және сабақтардың таныстырылымдарын көрсеттi.
Қонақтар назарына балалар шығармашылығының көрмесi мен концерттiк бағдарлама ұсынылды.
Семинар аясында «бiлiм берудiң жаңартылған мазмұны жағдайында оқыту мақсатына жету үшiн арнайы (түзету) мектепте сабақты жоспарлау» тақырыбында үздiк сабақ әзiрлеу конкурсы жарияланды. «Бiлiм беру саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының» әдiскерлерi осы конкурстың қорытындысын шығарып, жеңiмпаздар мен жүлдегерлердi анықтады.




2019 жылғы 27 желтоқсанда Шал ақын ауданында «Е. Бөкетов атындағы орта мектеп-гимназия» КММ ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар 25 балаға арналған инклюзияны қолдау кабинетiнiң ашылуы өттi.
Кабинеттiң ашылу салтанатына Шал ақын ауданының әкiмi Н.О. Есiмов, әкiмнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары, СҚО Бiлiм басқармасының бас маманы Н.В. Сербина, ауданның бiлiм беру бөлiмiнiң басшысы Қ.А. Жанғожинов, мектептiң Қамқоршылық кеңесiнiң төрағасы, педагогтар, оқушылар, ата-аналар қатысты.
Ауданда туғаннан 18 жасқа дейiнгi барлығы 209 «ерекше» бала бар.
Кабинет балаларды түзету және дамыту үшiн заманауи жабдықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен және құралдармен жабдықталған.
Педагог-дефектолог және логопед Е.А. Серкова сабақ үшiн құрылатын жайлылық аймақтар туралы; жұмыста қолданылатын келесi әдiстер туралы айтты: шағын моториканы дамыту бойынша Монтессори, есту, көру зейiн мен қиял, шығармашылық және т.б. дамыту бойынша Воскобовичтiң әдiсi.
Бұл облыс аудандарында ашылған 6-шы ИҚК. 2020 жылдың наурызына дейiн тағы да 6 кабинет ашылады.
2020 жылдың наурызына дейiн тағы да 6 кабинет ашылады. Осылайша, облыс әкiмi Қ.И. Ақсақаловтың инклюзивтi бiлiм беру үшiн жағдай жасаған ұйымдар желiсiн дамыту жөнiндегi бастамасы iске асырылуда.




Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ақсақалов Құмар Iргiбайұлының тапсырысыбойынша инклюзиалды бiлiм берудi әрi қарай дамыту мақсатында 2019-2020 оқу — жылында әр ауданда ерекше бiлiмдi талап ететiн балалар үшiн инклюзияны қолдау сыныптары ашылып жатыр.
Ағымдағы жылдың 3 қазанында Тайынша ауданында осындай кабинет бiрiншi болып ашылды.
2019 жылдың 25 қарашасында Аққайың ауданы Смирнов №1 орта мектебiнде инклюзияны қолдау кабинетi ашылды.
Мектеп шағын ауданында мектеп жасындағы 500-ден астам бала тұрады, оның iшiнде 19-ы ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар, оның 16-сы осы мектепте оқиды. Сондықтан инклюзияны қолдау кабинетiнiң ашылуы кездейсоқ емес.
Әрине, «ерекше» балалар өздерiне мектеп және мұғалiмдер ұжымдарының атынан ертекше көңiл бөлгенiн қалайды. Олар үшiн әдiстемелiк құралдар, ақпараттық — ұйымшыл қолдау, қоршаған ортаға үйрену, жеке бiлiм маршруттарын құру, кей жағдайларда әлеуметтiк педагогтық қолдауда керек болады.
Сондықтар, ерекше бiлiмдi талап ететiн балалар үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде осындай сыныптардың болуы қажет.
Ағымдағы жылдың соңына дейiн облыстың бес ауданында осындай кабинеттер ашылады.
Инклюзияны қолдау кабинетiнiң салтанатты ашылу рәсiмiне Аққайың ауданы әкiмiнiң орынбасары С.К. Сарсымбаев, бiлiм басқармасының бас маманы Н.В. Сербина, Аққайың ауданы бiлiм бөлiмiнiң басшысы Е.О. Жәкенов, оқушылар және олардың ата-аналары, педагогтар қатысты.



Тәуелсiздiк күнi қарсаңында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда Калиновка орта мектебiнiң базасында ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларға арналған инклюзивтi қолдау кабинетi ашылды. Мектеп директоры И.А. Гроот, ата-аналар атынан Г.М. Кенжахимова құттықтау сөз сөйледi. Ашылу барысында оқушылар мен олардың ата-аналарымен оқу-ойын iс-шаралары өткiзiлдi.
Ашылу рәсiмiне Рузаевка ауылдық округi әкiмдiгiнiң өкiлдерi, мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар қатысты.


2019 жылғы 13 қарашада есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатында «Унитон Форте» аудиосыныбының тұсаукесерi болып өттi. Бұл «АЯЛА» жеке қайырымдылық қорының «Ерекше балаларға — ерекше назар» жобасы аясындағы сыйлығы. Бұл жоба 2007 жылдан берi арнайы бөбекжай-бақшалар мен мектеп-интернаттарды естудi, көрудi, интеллектуалдық дамуды түзетуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры президентiнiң кеңесшiсi Салтанат Аскербеккызы мен медиа-директор Асел Маратқызы салтанатты жағдайда осы жабдыққа сертификат тапсырды. Сыйлықтың бюджетi 4,5 млн. теңге құрайтынын және қазақстандық екi меценаттың қаржылық қолдауымен болғанын атап өттi.
«Унитон Форте» аудиосыныбы жоғары класты дыбыс күшейткiш аппаратура болуымен қатар балаларға өз дауыстарын естуге, сабақтарда естiп-сөйлеу керi байланысын ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi, бiлiм алушылардың бастамашыл сұхбаттық сөйлеуiн ұйымдастыруға ықпал етедi.
Сурдопедагогтар Кондратова С.Ю., Пургина Н.Г. сыйға тартылған сурдотехникалық жабдықты пайдалана отырып, дыбыстауды қалыптастыру және естiп қабылдауды дамыту бойынша түзету-дамыту фронталды сабағын көрсеттi.
«Унитон Форте» аудиосыныбы есту кемiстiгi бар балалардың сапалы естiп сөйлеуiн оңалтуға, әлеуметтiк бейiмдеуге және олардың социумға табысты кiрiгуiне ықпалын тигiзедi.



2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» Аутизм Орталығының салтанатты ашылуы өттi. Орталық Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм беру басқармасының, Петропавл қаласының бiлiм беру бөлiмiнiң және Болат Өтемұратов Қорының бiрлескен жобасының шеңберiнде ашылды
«Асыл Мирас» Аутизм Орталығы — оқып-үйренген клиникалық мамандар, өз арсеналында заманауи арнайы әдiстемелердi, құралдарды, АСА бар балалармен жұмыс iстеу технологияларын пайдаланып, АСА бар балаларды психологтық-педагогтық коррекциялау және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсететiн заманауи кеңiстiк. Сонымен қатар, Орталықтың шеңберiнде АСА бар балалардың ата-аналары мен жақын айналасы ақпараттық қолдау, педагогтардың арнаулы консультациялық және бiлiм беру көмегiн ала алады. Облыста АСА бар балалар үшiн мұндай арнайы Орталықтың ашылуы уақытылы, өзектi болып табылады және ерекше қажеттiлiктерi бар балаларға арналған қызметтердiң сапасының жақсаруына жәрдемдесетiн болады.
«Асыл Мирас» Аутизм Орталығының салтанатты ашылу рәсiмiне балалар мен ата-аналар, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ақсақалов Құмар Iргибайұлы, Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов, облыстың, қаланың мемлекеттiк бiлiм беру құрылымдарының өкiлдерi, сондай-ақ Болат Өтемұратов Қорының өкiлдерi қатысты.
***
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» Петропавлда бiр айдан аз уақыт өттi, бiрақ мекеме ерекше балалармен жұмыс жасауда белгiлi бiр табыстарға жеттi.
23 қазан күнi орталықтың жұмысымен облыстық қоғамдық кеңестiң мүшелерi танысып, педагогикалық еңбек ардагерлерi қатысты. Естерiңiзге сала кетейiк, Б. Өтемұратов қоры «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы аясында елiмiздiң 8 қаласында осындай заманауи орталықтар ашқан.
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» — бұл Қазақстандағы сегiзiншi орталық, онда аутистiк спектрi бұзылған балаларға жоғары бiлiктi көмек көрсетедi. Бiрлескен жобаны облыстық әкiмдiк пен Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырды.
Қазiргi күнi олардың 150-ден астамы оңалту орталығына жазылған. Өңiрiмiзде 400-ден астам бала аутизммен ауырады.
Желтоқсан айында мұнда «барокамера» пайда болады — бұл ми жасушаларын, бүкiл ағзаны оттегiмен қанықтыру үшiн құрал-жабдықтар. Қор мамандары 10 педагог-дефектолог және психологтарды оқытуды ұйымдастырды.
Орталық барлық қажеттi жабдықтармен жабдықталған. Орталық барлық қажеттi жабдықтармен жабдықталған. Балалар мұнда жеке сапалы оңалту қызметтерiн алады және қазiрдiң өзiнде оң нәтижелер көрсетуде. Облыста «аутизм» диагнозымен 400-ге жуық бала бар. Олар үшiн орталықта жұмыс мүлдем тегiн жүргiзiледi.
Облыстық Қоғамдық кеңестiң өкiлдерi, педагогикалық еңбек ардагерлерi орталықтың қызметiмен танысты. Кездесуге қатысушыларға орталықтың жұмысы туралы презентация ұсынылды, мақсаттары мен мiндеттерi ашылды. Кабинет мамандары балалармен сабақ үзiндiлерiн көрсеттi.
Iс-шараға қатысушылар кабинеттiң жұмысы туралы оң пiкiрлерiмен бөлiсiп, алдағы уақытта да табыс тiледi.





2019 жылғы 12 сәуiрде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ базасында «Рухани жаңғыру» Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалардың азаматтылығын қалыптастыру және қоғамдық сана-сезiмiн жаңғырту» Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өткiзiлдi.
Конференцияның ұйымдастырушысы «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ болды.
Конференция жұмысына Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мамандары, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ, М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң профессорлық-оқытушылық және студенттер құрамы, бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары және Қазақстан Республикасы (Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Семей, Павлодар, Тараз қалалары) мен Ресей Федерациясы (Казань, Шадринск ққ.) жалпы бiлiм беретiн және арнайы оқу мекемелерiнiң ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалармен жұмыс iстейтiн ұстаздары қатысты.
Конференция жұмысы 4 секция бойынша өткiзiлдi:
Конференция шеңберiнде Қазақстан Республикасының 6 облысы және Ресей Федерациясының 3 облысынан ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалар арасында оқушылар жобаларының конкурсы өткiзiлдi. Ұлттық-мәдени дәстүрлер — ұлттың рухани байлығы», Менiң өлкемнiң өсiмдiктер және жануарлар әлемi, «Жастарды тәрбиелеу табысты ұлт», «Туған өлкенiң табиғаты», «Қасиеттi жерлер — сакральдық география», Кәсiпке жол», «Бiлiм калейдоскоп», «Туған өлкенiң тарихы» аталымдары бойынша жобалар тыңдалды.






2019 жылы 2 наурызда «Д.М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» КММ базасында «Менiң балам» ҚБ мен АББҚ ресурстық орталықтың балаларымен бiрге «Көңiлдi старттар» спорттық iс-шарасы өткiзiлдi. Осы iс-шараның мақсаты-балалардың мiнез-құлықтарының бұзылулары, қоршаған ортамен, әсiресе көрiнбейтiн адамдармен қарым-қатынас жасау ниетiн қалыптастыру. Салауатты өмiр салтын, спорт пен дене белсендiлiгiн насихаттау. Спорттық iс-шараға № 40 мектептiң ата-аналары мен мұғалiмдерi қатысты.
Қатысушылар үлкен әсер, жағымды эмоция алды. Iс-шараның соңында командаларға кәдесыйлар мен сыйлықтар табыс етiлдi.




14 ақпанда № 40 орта мектептiң ресурстық орталығы базасында инклюзивтi бiлiм берудi дамыту мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшiлiгiнiң өкiлдерiмен кездесу өттi, оған Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының, Петропавл қаласының бiлiм бөлiмiнiң мамандары және № 40 орта мектептiң педагогтары қатысты.
Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райт және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиев ресурстық орталықта ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларға жемiстi жұмыс iстеуге мүмкiндiк жасалғанын атап өттi.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, кеңесшi мырза ресурстық орталықтың қызмет саласын кеңейтуге және облыстың басқада бiлiм беру ұйымдарына жұмыс тәжiрибесi таратылады деп үмiт бiлдiрдi.




Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi бекiткен ұйымдастыру iс-шаралары жоспарына сәйкес «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқуын өткiзу шеңберiнде 2019 жылғы 14 ақпан «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ СҚО Төтенше жағдйлар департаментi өкiлдерiмен кездесу өткiзiлдi.
Кездесудiң тақырыбы «Өрт қауiпсiздiгi шараларына, балалардың судағы қауiпсiздiгiне және азаматтық қорғаныстың жалпы сұрақтарына оқыту». СҚО ТЖД АҚ басқармасы бастығының уақытша м.а. майор Қанғожинов Мұрат Серiкұлының басшылығымен СҚО ТЖД жедел-құтқару отрядының, медициналық-апаттық орталық, өрт сөндiру және апаттық құтқару жұмысы қызметкерлерi көмiртегi газымен уланғанда жәрдем беру, мұзда болу ережелерiжәне т.б. бойынша дәрiстiк және практикалық сабақтар өткiздi. Көрсетiлген құтқарушылардың киiмдерi мен құралдарына бiлiм алушылар қызығушылық танытты, балаларөрт сөндiрушiлердiң, суда жүзгiштердiң, құтқарушы-альпинистердiң арнайы киiмдерiн киiп көрдi. «Өрт қауiпсiздiгi профилактикасы» викторинасын бiлiм алушылармен «СҚО Жастар ресурстық орталығы»психологы Кожанова Зарина Қуантайқызы мен «СҚО Ерiктiлер клубы» ерiктiсi Гизатуллина Лилия Рашидовна жүргiздi.



2019. 23.01. «№13 орта мектеп» КММ «Инклюзивтi бiлiм беру жағдайында оқушылардың рухани құндылықтарын дамыту» тақырыбында инклюзивтi бiлiм берудi жүзеге асыруда ақпараттық мәдениет пен кәсiби құзыреттiлiк деңгейiн арттыру мақсатында облыстық семинар өткiзiлдi.
Семинарды «№13 орта мектеп» КММ базасында өткiзу қажеттiлiгi, 1999 жылдан бастап ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларды оқыту мен тәрбиелеумен шұғылданады, ал қазiргi уақытта өзiн-өзi тану бойынша пилоттық жобаға қатысушы болып табылады.
Семинар аясында « Өрлеу «БАҰО «АҚ филиалы» СҚО ПҚ БАИ «мен «№ 13 орта мектеп «КММ арасында аталған ұйымдардың, «Өрлеу «БАҰО «АҚ филиалының педагогикалық шеберхананың құрметтi мәртебесiн беруiмен ғылыми-зерттеу және оқу-әдiстемелiк қызметiнiң негiзгi бағыттарын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды.
Семинар қатысушыларының инклюзивтi бiлiм берудiң әдiстемелiк принциптерiн ұғынуы: демо-сабақтар, практикумдар, оқушы жобаларын таныстыру, сыныптан тыс iс-шаралар өткiзiлген сабақтар жүйесi арқылы жүзеге асырылды.
Семинар күтiлетiн нәтижеге жеттi, бұл iс-шараға қатысушы-әрiптестердiң берген жоғары бағасы осыны айғақтайды. Инклюзивтi бiлiм беру жүйесiнде жұмыс iстеген жылдары жинақталған мектеп мұғалiмдерiнiң жоғары кәсiбилiгi мен тәжiрибесi атап өтiлдi.



2018 ж. 01.02.

1 ақпан күнi Петропавл қаласында «Мектепке дейiнгi мекемелерде және психологиялық-педагогикалық кабинеттерде психологиялық-педагогикалық аутизм спектрi бұзылған балаларды қолдау» тақырыбында облыстық психологиялық-педагогикалық кеңес беру, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiнiң мамандарымен қалалық балабақшалардың психологтары үшiн облыстық семинар өткiзiлдi, базаға балабақша «Нурсат». Семинар жұмысында терминологияның қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк актiлерiн пайдалану кезiнде түсiндiрулер берiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысындағы аутизм спектрi бұзылулары бар мектеп жасына дейiнгi балалардың статистикасы ұсынылған.
Семинарда қатысушылар балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қызметтi ұйымдастыруымен, балабақшадағы психологиялық-педагогикалық кеңеспен танысты.
Практикалық жаттығулар психологтармен қолданылған мiнез-құлық талдауын, PECS балама коммуникациясын, нейропсихологияны, Мандала терапиясының элементтерiн, Монтессоридi қолдану арқылы өткiзiлдi.
Мектепке дейiнгi жастағы ерекше қажеттiлiктерi бар балалардың ата-аналарына кеңес берудiң әдiстерi, кезеңдерi түсiндiрiледi.
Семинарға 80 адам қатысты.


Өту күнi: 2018 жылдың 22-23 қаңтар.
Өту орны: ҚР бiлiм және ғылым Министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ
«Samruk-Kazyna Trust» фондының бағдарламасы аясында үш жақты келiсiлген шартты орындау. «ӘБЕО Орталығы» 2018 жылдың 22, 23 қаңтарында «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған №1 арнаы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында бiлiм беру үрдiсiнде дамыту құралдарын қолдану бойынша Республикалық оқыту семинарын өткiздi.
Семинарды оқытқан арнайы педагог, «ӘБЕО Орталығының» әдiскерi Ильмуратова Гульназ Азатовна, Бiлiм басқармасынан семинарды ұйымдастырушы модераторы болып, СҚО ББ бас маманы Сербина Н.В. сөйледi, Көкшетау, Рудный, Атбасар, Ақмола облыстарының арнайы мекемелерiнен дефектолог, логопед, психолог және СҚО облыстық және аудандық арнайы мекемелерi қатысты.
Мектеп-интернаттың дәлiзiнде тәрбиеленушiлердiң шығармашылық жұмысының көрмесi ұйымдастырылды. Семинар барысында заманауи түзету педагогикасының өзектi сұрақтарына диалог және тәжiрибе алмасты.
Педагог-дефектолог Куандыкова Г.А. EduQuest бiлiм беру кешенiнiң мультимедиялық және дефектолог бөлмелерi туралы презинтация өткiздi.
Педагог-логопедтер Абильмажинова А.М., Сабиржанова М.К., «Дельфа» логопедиялық тренажорымен жұмыс бойынша мастер-класс көрсеттi және дайындады.
Психолог Исенов Б.Р. «Түстер және көңiл күй» сенсорлық бөлмесiнде практикалық сабақ көрсетiлдi.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыс бойынша орынбасары Нұрғожина А.А. аталмыш мекеменiң оқу-тәрбие жұмысының жүйесi туралы айтты және соңғы 2 жылдың жетiстiктерiн атап өттi.
«Бiлiм беру кеңiстiгiнде дамытатын құралдарын қолдану» оқыту семинарын өткiзу және даму мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн қажеттi жабдықты алуға көмек көрсеткенi үшiн мектеп-интернатының әкiмшiлiгi және семинар тыңдаушылары «ӘБЕО Орталығы» ЖШС бас директоры педагогика ғылымының докторы, профессор Р.А. Сүлейменова ханымға берiлген жабдық және ұйымдастырылған семинар үшiн өздерiнiң шексiз алғыстарын бiлдiредi.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат тапсырылды.

11 қаңтарда облыстық Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандары қалалық жалпы бiлiм беру мектептерiнiң бас мұғалiмдерiне, инклюзивтiк және арнайы бiлiмге жауапты аудандар мен қалалық бiлiм беру бөлiмшелерiнiң мамандары үшiн «Инклюзивтi жағдайдағы ерекше қажеттiлiктерi бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау. Статистика. Нормативтiк құжаттар» тақырыбында аймақтық семинар өткiздi.
Семинар жұмысында терминологияның қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк актiлерiн пайдалану кезiнде түсiндiрулер берiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысының арнайы бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар туралы статистикалық мәлiметтер келтiрiлген.
Инклюзивтi бiлiм берудiң проблемалары мен перспективалары талқыланды.
Семинарға қатысушылар үйде балаларды оқыту бойынша әдiстемелiк ұсыныстармен, арнайы бiлiм беру бағдарламалары мен жоспарларымен, мектепте психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырумен, мектептегi психологиялық-педагогикалық кеңеспен танысты.
Оқу қиындықтары бар балаларға арналған бiрiншi сыныпты қайталау және оқу бағытын анықтау мәселелерi қарастырылады.
Семинарға 61 адам қатысты.


2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ Ресей-Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты iске асыру, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» жұмыс жоспары аясында «Жеке және толық инклюзия жағдайында есту кемiстiгi бар балалармен жұмыс iстеу ерекшелiктерi» халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өткiзiлдi.
Конференцияны ұйымдастырғандар «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы», «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ филиалы.
Конференцияның өкiлдiгi: «СҚО әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ бас маманы, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ филиалының оқытушылары, СҚМУ, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 дефектология магистрi, арнайы (түзету) мектептерiнiң сурдопедагогтары, есту кемiстiгi бар балаларды оқытатын жалпы бiлiм беретiн мектептердiң ұстаздары, медицина қызметкерi мамандары (педиатр, сурдолог, психиатр), ата-аналар.
Конференция географиясы: Ресей Федерациясы (Қазан қ., Шадринск қ.), Запорожье, Қазақстан Республикасы (Астана, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Орал, Зыряновск ққ., Солтүстiк Қазақстан облысы және Петропавл қ.)
Конференцияға қатысушылар инклюзивтiк бiлiм берудiң теориялық аспектiлерiн хабарлады, естiмейтiн, нашар еститiн мектеп оқушыларының, кохлеарлы имплантталған балалардың психофизикалық ерекшелiктерiн атап көрсеттi, осы санаттағы оқушыларды бейiмдеу және оңалту үдерiсiндегi ата-аналардың рөлiн көрсеттi, есту кемiстiгi бар балалармен жеке және толық инклюзияны iске асырудың практикалық тәжiрибесiмен алмасты.
Конференция оған қатысушылар мен «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ оқушыларының бiлiм беру үдерiсi қатысушыларының толеранттық мәдениеттi қалыптастыру бойынша бiрлескен жұмысымен ұйымдастырылған шеберлiк сабағымен аяқталды.
Машықтану бөлiмiнiң қорытындысында «Инклюзивтiк бiлiм беру» кластерi құрастырылды.
Ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға қатысушылар Қазақстанда — Ресей Федерациясының арнайы бiлiм берудi ұйымдастыру үлгiсiмен жұмыс тәжiрибесi орасан дефектологтар, сурдоредагогтары топталған, есту кемiстiгi бар балаларды оқытуға арналған бағдарламалық-әдiстемелiк, сурдотехникалық базасы бар инклюзивтiк бiлiм берудiң ресурстық орталықтарын құрудың мақсатқа сәйкестiлiгiн, өйткенi инклюзивтiк бiлiм берудiң бiрден бiр түйткiлi мамандардың жетiспеушiлiгi және жалпы бiлiм беретiн мектептерде қолжетiмдi ортаның болмауын атап көрсеттi.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан-Ресейлiк Медициналық Университетімен бiрлесе мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау арқылы кеңестер түрінде тегiн психологиялық көмек көрсетіледi.
Егер Сiздiң отбасыңызда мүмкiндiгi шектеулi бала тәрбиененiп жатса және, сонымен қатар Сiзге психологиялық қолдау қажет болса, жай ғана қысқа 1411 нөмiрiне хабарласыңыз, жәрдемақы алушының ЖСН айтыңыз, және диспечердiң нұсқауы бойынша, өзiңiзге ыңғайлы кеңес уақытын таңдап алыңыз.
Назар аударыңыз! Қызмет Skypeтм (Скайп) арқылы тегiн көрсетiледi, сондықтан Сiзге үйде интернетке шығу мүмкiндiгi және Skypeтм (Скайп) бағдарламасы болуы қажет.
Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті - мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларына психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметік-психологиялық жағдайды, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларына кеңестік көмек беру болып табылады.
Қызмет жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби психологиялық кеңес алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың кеңесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 тегін телефон нөмірі бойынша қабылданады.
Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64, кабинет 106, 201, 205, 8(7152)36-36-05, 46-29-01) телефоны бойынша, тұрғылықты жері немесе электронды мекен жайына i-krmu@mail.ru хабарласу арқылы алуға болады.

Бүгiнгi таңда облыста 0-18 аралық жастағы ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар (бұдан әрi — ЕБҚ) 4332 бала, оның iшiнде 1178 мүгедек-бала. Ағымдағы оқу жылында облыстың 295 жалпы бiлiм беру мектебiнде (61%) 1583 ЕБҚ бала (37%) инклюзивтi оқытылады.
Жамбыл ауданында және Петропавл қаласында жалпы бiлiм беру мектептерi жанында ПДК бар балаларға арналған 8 арнайы сынып жұмыс атқаруда. Облыста 2399 баланы қамтитын 88 логопед орталығы жұмыс атқаруда.
2018-2019 оқу жылында жалпы бiлiм беру мектептерi жанындағы балабақшалардың және шағын-орталықтарының жалпы топтарында ЕБҚ бар 459бала инклюзивтi тәрбиесiмен қамтылған.
Облыстың 6 балабақшасында 15 арнайы топ қызмет атқарады, 162 бала.
Облыста 7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты бар, онда 722 бала және 3 психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңес берiледi. Облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында 858 балаға қызмет көрсететiн 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетi (ППТК) бар.
Оқу үдерiсiн ұйымдастыру үшiн өңiрдегi барлық түзету мектеп-интернаттары сенсорлық бөлмелерi бар, барлық мектептер мен интернаттар Интернетке қосылған компьютерлiк сыныптармен жабдықталған. Интерактивтi тақтамен жабдықталған компьютерлiк техниканы барлық оқытушылар сабақ өткiзу үшiн пайдаланады.
«№ 21 орта мектебi» КММ базасындағы «Болашақ» Корпоративтiк қорының қолдауымен 2018 жылғы 10 қыркүйегiнен бастап инклюзияны қолдау сыныбы жұмысын бастады, бұнда мектепке дейiнгi дайындық сыныбы және 2 сыныптағы аутисттiк шеңберiнiң бұзылуы диагнозы бар балалар психолог-педагогикалық қолдау және түзету алады. Ол үшiн мектеп штатына дефектолог, логопед, психолог және осы балаларды сабақтарда және қосымша жаттығуларда жеке сүйемелдеуi үшiн 7 көмекшi-педагог қабылданды. Қор мамандарымен берiлген сыныптардың педагогтары үшiн оқыту семинарлары өткiзiлдi, қажеттi құрал-жабдықтар сатып алынды.
2018 жылғы 26 желтоқсанда «Д. М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» КММ ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар үшiн инклюзивтi бiлiм берудiң ресурстық орталығын ашылды.
2018-2019 оқу жылында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң 25 ұйымында мүмкiндiгi шектеулi 106 оқушы оқиды. Мүгедектiгi бар студенттердi оқытуға, оқуға түскенде әлеуметтiк қорғау шарасы ретiнде I-II топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалар мен мүгедек балалар үшiн квотасi (1%) көзделуде. Колледждерде мүгедек студенттер тегiн оқып, стипендия алады. Барлық мұқтаж мүгедектерге жатақханада тұру мүмкiндiгi берiледi. Жаңа оқу жағдайларына бейiмделу процесiнде мүмкiндiгi шектеулi студенттер әлеуметтiк шараларға, байқауларға, конкурстарға және т.б. белсендi қатысады.
506 бiлiм беру мекемесiнде (419 мектепте, 48 балабақшада, 19 колледжде және 20 арнайы ұйымда, қосымша бiлiм беруде) кедергiсiз жағдайлар жасалды. Балабақшаларда және жалпы бiлiм беретiн мектептерде «кедергiсiз» жағдай жасау бойынша бiлiм беру ұйымдарын түгендеу бойынша одан әрi жұмыс жүргiзiлуде.