Меню

Страницы

Статья

WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби конкурс «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері арасында

2026 жылғы 8–9 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжі» КММ жанындағы «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілік орталығының базасында «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері арасында WorldSkills стандарттарына сәйкес кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа Солтүстік Қазақстан облысының 8 колледжінен өкілдер қатысты.

Конкурстық бөлім 3 модульден тұрды:
– қысым астындағы сыйымдылықты дәнекерлеу;
– аргонды-доғалық дәнекерлеу (алюминий конструкциясы);
– аргонды-доғалық дәнекерлеу (легирленген болат конструкциясы).

Сарапшылар тобының құрамында Жоғары құрылыс-экономикалық колледждің, «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМКҚ өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласынан шақырылған тәуелсіз сарапшы — Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Алматы құрылыс-техникалық колледжі» КМКҚ өкілі болды.

Конкурстық жұмыстарды бағалау халықаралық SIS бағалау жүйесі бойынша жүргізілді.

Чемпионат қорытындысы бойынша:
1-орын – Витковских Вадим Валентинович (СҚО әкімдігінің «Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжі» КММ),
2-орын – Чугунов Владимир Николаевич («Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ),
3-орын – Уразов Жанат Жантуғанович (Жоғары құрылыс-экономикалық колледж КМКҚ).

Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал сарапшылар алғыс хаттармен марапатталды.

Чемпионат кәсіби шеберлік сайысы ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру және әдістемелік алаңға айналды. Конкурс аясында қатысушылар практикалық тәжірибе алмасып, дәнекерлеу өндірісіндегі заманауи технологиялар мен оқыту әдістемелерін талқылап, өздерінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, конкурс сарапшылық қауымдастықты қалыптастыру мен дамытуға арналған маңызды алаң болды. Сарапшылар халықаралық SIS бағалау бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе жинақтап, бағалау критерийлерін тереңірек түсінуге, бағалау рәсімінің объективтілігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық стандарттарды кадр даярлаудың ұлттық жүйесіне бейімдеуге мүмкіндік алды.

Осылайша, чемпионат кәсіби білім беру сапасын арттыруға және сараптамалық құзыреттерді дамытуға елеулі үлес қосты.

Дата публикации
12 января 2026
Дата обновления
12 января 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы