Меню

Страницы

Статья

«ЖАС КӘСІПКЕР» Бизнес — стартап студенттік орталығының ашылуы

2025 жылғы 18 желтоқсанда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «ЖАС КӘСІПКЕР» Бизнес — стартап студенттік орталығы – мүмкіндіктер мен даму кеңістігінің ашылуы өтті.

Орталық кәсіпкерлікке, инновацияларға және цифрлық экономикаға қызығушылық танытатын белсенді жастарды қолдау мақсатында құрылды. Мұнда студенттер практикалық білім алып, тәлімгерлермен жұмыс істей алады, бизнес-идеяларды әзірлеп, стартап — бәйгелер мен білім беру бағдарламаларына қатыса алады.

Іс-шараға колледж басшылығы, оқытушылар, студенттер және шақырылған қонақтар қатысты. Ашылу шеңберінде серіктес ұйымдармен меморандумдарға қол қойылды:

«Петропавл қ. Кәсіптік бағдар беру орталығы» КММ «Еңбек мобильділігі орталығы» СҚО әкімдігінің «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ;

Біліктілікті арттыру институты «Өрлеу» АҚ филиалы (Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты);

«ForteBank» АҚ-ның Петропавл қаласындағы филиалы.

Аталған меморандумдар студенттерге жаңа мүмкіндіктер беруге, білім беру жүйесі мен нақты экономикалық сектор арасындағы байланысты нығайтуға, бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.

Қатысушылар «Бизнес-стартап» орталығы – студенттердің болашағына жасалған инвестиция және белсенді, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға қосқан үлес екенін атап өтті.

Алда – жаңа жобалар, идеялар мен жетістіктер!

 

Дата публикации
19 декабря 2025
Дата обновления
19 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы