Меню

Страницы

Статья

«Үздік педагог-2018» республикалық сайыстың жеңімпаздары

Ескалиева Айнагуль Жумабековна

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатынының қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалiмi. Еңбек өтiлi-25 жыл.

Айнагуль Жумабековна — шебер де шығармашыл, жаңашыл заманауи ұстазы.

Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатынының қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалiмi, бiрiншi (iлгерi) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалiм.

Айнагуль Жумабековна оқушылардың дарындылығын дамыту бойынша үлкен үлес қосуда. «Мәдениеттанымдық аспект» жұмыс дәптерiнiң, «Жаңаша оқытуға — жаңаша көзқарас», «Сертификатталған мұғалiмнiң көшбасшылық қызметi» әдiстемелiк жинақтарының, 8-сыныпқа арналған «Мәтiнмен жұмыс түрлерiн ұйымдастырудың тиiмдi жолдары» атты авторлық бағдарламалардың авторы. Ол облыстық республикалық, халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияларға қатысып, iс-тәжiрибесiмен бөлiсiп, жүлделi орындарға ие болып жүр. Баспа беттерiнде және халықаралық, республикалық жинақтарда көптеген мақалалары жарыққа шықты.

Оқушылары облыстық, республикалық пәндiк олимпиадалардың, ғылыми жоба жарыстарының, шығармашылық сайыстардың, интеллектуалды байқаулардың жүлдегерлерi.

Айнагуль Жумабековна республикалық «Үздiк авторлық бағдарлама» байқауының I орын жеңiмпазы, облыстық «Жүзден жүйрiк» байқауының I орын жеңiмпазы және облыстық «Үздiк педагог» байқауының I орын жеңiмпазы атанды. Облыс әкiмi сыйақысының иегерi.

Землякова Елена Николаевна

1971 жылғы, физика пәнiнiң мұғалiмi жоғары санатты бiлiмдi маман, педагогикалық еңбек өтiлi 24 жыл.

Елена Николаевна оқушыларды жоғары дәрежеде қалалық облыстық олимпиадаға және байқауларға дайындайды: оның портфолиясының мазмұны оқушылардың физика пәнi бойынша халықаралық жеңiстерi, қалалық, облыстық ғылыми жоба нәтижелерi, грамоталары және оқушылардың ғылыми конференция мен форум негiзiнде құрылған.

Елена Николаевна «Физика технологиясының тәжiрбиесi» атты бағдарламаның авторы. Осының негiзiнде СҚО алғаш рет виртуалды физика зертхана кабинетi құрылды.

Елена Николаевна белсендi аймақтық байланысты дамытуда. Республикалық семинарда «Методы развития функциональной грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA (2015 ж.), «Лидерство в обучении» (2015 ж.), Республикалық конференцияда «Мониторинговое исследование сертифицированняых учителей» тақырыптары бойынша баяндама оқыды. Өзiнiң педагогикалық қызметi барысында ғылыми-әдiстемелiк жұмысы бойынша АҚ «Өрлеу» БАҰО-мен белсендi қызмет атқарып келедi. Елена Николаевна жыл сайын өз тәжiрбиесiн бөлiсу негiзiнде республикалық және облыстық денгейдегi газет-журналдарға басылымдарын жариялап тұрады.

Елена Николаевна — белсендi өмiрлiк ұстамы бар адам. Ол бүгiнгi күнi қазақстандық жаңа мектеп құрастырушылардың алдынғы қатарында. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қауымның беделдi ұстаздарының бiрi.

Шрайбер Елена Иосифовна

КММ «Петерфельд орта мектебi» Қызылжар ауданы Солтүстiк Қазақстан облысы, орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi.

Жалпы еңбек өтiлi — 32,6 жыл.

Нақты еңбектерi ұсынылған:

Елена Иосифовна — өз iсiн сүйетiн педагог. Жоғары бiлiктiлiгi, өз iсiне деген шығармашылық көзқарасы, мұқият дайындығы және әрбiр сабаққа әртүрлi әдiстемелiк тәсiлдердi пайдалана отырып, бiлiм беру және тәрбиелiк мiндеттердi табысты шешуге мүмкiндiк бередi.

Кәсiби iскерлiк педагог: мұғалiм-новатор, заманауи әдiстерiн оқыту, негiзi оның еңбегi — ынтымақтастық педагогикасы, сондықтан педагогикалық қызметiнiң жоғарғы тиiмдiлiгi мен тұрақтылығымен ерекшеленедi.

Елена Иосифовна тиiмдi технологияларды оқыту үстiнде. Оның методикалық тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру орыс тiлi мен әдебиетi сабақтарында». Педагогтың басты мiндетi қазiргi заманғы бiлiм беру сапасының өзектi және перспективалы қажеттiлiктерiне тұлға, қоғам, мемлекет сәйкестендiрiледi. Оның сабақтары жоғары зияткерлiк қызметпен ерекшеленедi. Сабақтың мақсаты арқылы қатаң ғылыми анықтау әдiстерiн, оқыту құралдарын сәйкестендiруге қол жеткiзедi.

Жаңа ұмтылыс және iздену арқылы дәстүрлi емес жұмыс түрлерiн болуы арқылы Елена Иосифовна шығармашылық топ құрамында облыс мұғалiмдерiне Т.Ж.Б. және Т.Б.Қ. орыс тiлi және әдебиетi пәнi бойынша 5, 7 сыныптарға құрастырған.

Құлатаев Серiк Алпысбайұлы

1983 жылы туған, бiлiмi жоғары, 2007 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Автокөлiк және автокөлiк шаруашылығы», 2013 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiн «Көлiк, көлiктiк техника және технология» мамандығы бойынша аяқтады. Техникалық ғылымдар магистрi.

Серiк Алпысбайұлы Құлатаев 2013 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» КМҚК арнайы пәндердiң оқытушысы болып қызмет iстейдi.

Серiк Алпысбайұлында өзiнiң өнер табыс жұмысына екi патентi бар.

Республикалық «Ең үздiк жас педагог» конкурсының жеңiмпазы.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсiби құзырлықта пайдалану» атты тәжiрибесiн облыс деңгейiнде тәжiрибемен алмастырылды.

«Профессинал Казахстана» ғылыми-әдiстемелiк журналында Халықаралық, республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференциялардың материалдары басылып шықты.

«Кәсiпқор холдинг» КЕАҚ штаттан тыс тренерi болып саналады. Бiлiктiлiктi арттыру курстарында облыстың 60 инженерлiк-педагогикалық қызметкерлерiн оқытты.

Малайзияда Халықаралық тәжiрибеден өттi.

Серiк Алпысбайұлы Құлатаевтың студенттерi әртүрлi конкурстардың жеңiмпаздарыболып табылады:

  • «Менiң колледжiм — менiң болашақ мамандығым»;
  • «Еңбек адамын ардақтайық»;
  • «Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!» — Серпiн» әлеуметтiк жобасы аясында «Көлiк механигi» номинациясы бойынша республикалық кәсiби конкурстың;
  • «Первый шаг великим изобретениям» облыстық техникалық көрмеде;
  • Орал федералдық округiнде WorldSkills стандарты бойынша кәсiби шеберлiк Ұлттық чемпионатында.

Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының Алғысымен, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Грамотасымен марапатталған.

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
24 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы