Меню

Страницы

Статья

«Үздік педагог 2020» республикалық конкурсы

«Үздiк педагог — 2020» республикалық байқауының жүлдегерлерi

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы «БЭСТ» гимназиясы» КММ
француз тiлi мұғалiмi Арыкпаева Гульнара Араповна

Гульнара Араповна жоғары санатты мұғалiм, педагогикалық ғылым магистрi, Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының бiлiктiлiктерiн арттырудың деңгейлiк бағдарламасы шеңберiндегi 1 (iлгерi) деңгейлi сертификатталған педагог. Жалпы педагогикалық өтiлi 27 жыл. Гимназияда жұмыс iстеген уақытында өзiн жауапты, ынталы, шығармашыл ретiнде көрсете бiлдi.

Гульнара Араповна ҚР-да Франция елшiлiгiмен өткiзiлген Қазақстан Республикасы француз тiлi мұғалiмдерiнiң Ұлттық педагогикалық байқауының жеңiмпазы ретiнде Гренобль (Франция) қаласының Университет орталығында бiлiктiлiк арттыру грантына ие болды, Қазақстан Республикасы француз тiлi мұғалiмдерi Ассоциациясына кiредi.

Гульнара Араповна жаңартылған бiлiм беру мазмұны бойынша жалпы орта бiлiм деңгейiнiң қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптар үшiн «Шет тiлi» (екiншi шет тiлi) оқу пәнi бойынша Үлгiлiк оқу бағдарламасының әзiрлеушiсi, «Француз тiлi» пәнiнен жаңа ұрпақ оқулықтарын сараптау бойынша Республикалық жұмыс тобының сарапшысы, «Жаңартылған бiлi беру мазмұны шеңберiнде француз тiлi грамматикасын оқыту ерекшелiктерi» факультативтiк курс Бағдарламасының авторы болып келедi.

Гульнара Араповна Қазақстандағы Франция және Бельгия Елшiлiгiнiң қатысуымен Франкофония шеңберiнде гимназия оқушыларымен халықаралық деңгейде жобалық қызметтi iске асырады.

Гульнара Араповна оқушыларға DELF, DALF халықаралық емтихандарын тапсыруға және Франциядағы Валльбон қаласының лингвистикалық орталығында оқуға мүмкiндiк беретiн авторлық бағдарламалармен жұмыс iстейдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
«Саумалкөл №1 орта мектебi» КММ тарих пәнi мұғалiмi
Букенов Ерлан Жумабекович

Букенов Ерлан Жумабекович — педагог-шебер, сертификатталған мектеп тренерi. Ол облыстық тарих пәнi мұғалiмдерiнiң шығармашылық тобын басқарады, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнде оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк комплексi мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сараптау және сынақтан өткiзу нәтижелерiн қарастыру бойынша пәндiк комиссияның қатысушысы, «Өлкетану» оқулығының тақырыптарын өздiгiнен игеруге арналған тапсырмаларды әзiрлеушi. «Солтүстiк Қазақстан облысы. 5-7 сынып»

Ерлан Жумабекович пәндi оқытудың заманауи әдiстемесiн меңгерген, педагогикалық тәжiрибеде оқытудың инновациялық әдiстерiн, атап айтқанда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданады. Оқушылар сабақта диалог жүргiзудi, дереккөздермен жұмыс жасауды, ақпаратты сыни тұрғыдан ойлауды, дәлелдi қорытынды жасауды және баға берудi үйрендi. Мұғалiм қазақстандық патриотизм мен азаматтылық аясында оқушылардың жеке қасиеттерiн қалыптастыруға ықпал етедi.

Ерлан Жумабекович оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық пәндiк олимпиадалардың, зияткерлiк жарыстардың, марафондардың, викториналардың, турнирлердiң және дипломатиялық ойындардың бiрнеше дүркiн жеңiмпаздары..

Ерлан Жұмабекұлы — ерiктiлер қозғалысының белсендi қатысушысы, Дiн мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру тобының мүшесi, «2012 жылдың Үздiк жас мұғалiмi» дипломының иегерi, «Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм саласындағы 100 жаңа есiмдер» кiтабына енген, облыс әкiмiнiң сыйлығымен 2017 ж., Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiнiң алғысымен 2018 ж., 2019 ж. Марапатталған. 2020 жылы «Е. Бекмаханов медалi» медалiмен марапатталған.

«Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» КМҚК
өндiрiстiк оқыту шеберi
Алексей Валериевич Чернов

Алексей Валериевич Черновтың кәсiби деңгейi: терең және жан-жақты кәсiби бiлiм, оқу процесiн ұйымдастыруға шығармашылық көзқарас, адалдық, өзiнiң кәсiби деңгейiн көтеруге үнемi ұмтылу оған оқу процесiн қызықты және тиiмдi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.

2017 жылы Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң 60 жылдық мерейтойына арналған, СҚО ТжКБ жүйесiнде оқитын студенттер арасында автомобиль көпсайысы бойынша халықаралық қатысумен ашық командалық бiрiншiлiкте олар бiрiншi және үшiншi орындарға ие болды.

Олар Орал федералды округiндегi WorldSkills стандарттары бойынша кәсiби шеберлiктiң ұлттық чемпионатының жартылай финалының қатысушылары болып табылады.

WorldSkills стандарттарының аймақтық чемпионатында студенттер 2016 жылы екiншi орынға, 2017 жылы бiрiншi және екiншi орынға, 2018 жылы 1 орынға ие болды.

Чернов А.В. 2017 жылы WorldSkills ұлттық чемпионатына және 2017 және 2018 жылдары жас кәсiпқойлардың WorldSkills Russia аймақтық чемпионатына қатысушыны дайындады.

Чернов А.В. СҚО бойынша ПК БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы арқылы 2018 жылы шығарылған «КИ-28246 әмбебап модулiн қолдана отырып, электр жабдықтарының техникалық жағдайын тексеру технологиясы» оқу-әдiстемелiк құралының авторы.

Ол «Холдинг «Кәсiпқор» ҰАҚ 2019 жылы шығарған ISBN 978-601-333-749-4 «Электрондық жабдық негiздерiмен автомобильдердiң электр жабдықтары» оқу құралының авторларының бiрi.

«Холдинг «Кәсiпқор» ҰАҚ «Штаттан тыс жаттықтырушы» мәртебесiн беру жөнiндегi комиссияның шешiмiмен А.В.Черновқа «Таlap» ҰАҚ «Штаттан тыс жаттықтырушы» мәртебесi берiлдi

Чернов А.В. заманауи педагогикалық технологияларды қолданады, оның сабақтары практикалық бағытқа ие және студенттердiң бойында нығыз бiлiмдi, практикалық дағдылар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағыттал

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының
«№2 Новоишим орта мектебi» КММ физика және математика пәнiнiң мұғалiмi
Баязитова Айсулу Амангельдиновна

Баязитова Айсулу Амангельдиновна 2015 жылы ҚР педагог қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттырудың деңгейлiк курсынан өттi. 2018-2019 ж. ЖМБ пәндерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру тiлдiк курсынан, жаңартылған бағдарлама бойынша бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.

Айсұлу Амангелдiқызы пәндi оқытудың заманауи әдiстемесiн меңгерген, педагогикалық практикада оқытудың инновациялық әдiстерiн, проблемалық, CLIL, STEM оқыту технологияларың қолданады. Өз пәнiн басқалармен бiрiктiре отырып, ол соңғы нәтижеге қол жеткiзедi.

Мұғалiм ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысады, Оңтүстiк Кореяның Сеул қаласында тағылымдамадан өттi, ғылыми-практикалық конференциялардың тұрақты қатысушысы, халықаралық және республикалық олимпиадаларда, форумдарда, викториналарда және конкурстарда жүлделi орындарға ие болды.

Ғылыми-практикалық конференциялардың материалдар жинақтарында, пәндiк журналдарда және қазақстандық интернет-ресурстарда баспа басылымдары бар. Педагогикалық тәжiрибенi республика деңгейiнде таратады. Облыстық семинарларға қатысушы және ұйымдастырушы. Тренинг және менторинг өткiзедi, өз мектебiндегi әрiптестерiмен жинақталған тәжiрибемен бөлiседi.

"Үштiлдiлiк: уақыт талабы: физика ағылшын тiлiнде. Физика пәнiнен ағылшын тiлiнде қысқаша тақырыптық материал" (2017 ж.) оқу-әдiстемелiк құралдың авторы және оқу-әдiстемелiк бағдарламасының авторы "CLIL Physics: көптiлдi бiлiм беру жағдайында CLIL технологиясын тәжiрибиеде iске асыру" "Physics around us" (9 сыныпқа арналған факультатив/үйiрме авторлық бағдарламасы қосымшаларымен) (2020 ж.). Айсулу Амангельдиновнаның оқушылары олимпиадаларға қатысып, жүлделi орындарға ие болды.

«Үздiк педагог — 2020» облыстық байқауының жүлдегерлерi

Петропавл қаласы
«С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ биология мұғалiмi
Балабекова Клара Тилабековна

Клара Тилабековна өзiн жоғары кәсiби, шығармашыл, бiлiмдi педагог ретiнде көрсеттi. Ол жоғары шеберлiк деңгейiне ие, биологияны оқыту әдiстемесiн еркiн меңгерген. Педагог өз жұмысында оқытудың инновациялық әдiстерiн қолданады. Оқыту әдiстемесiн меңгере отырып, ол оқушылардың танымдық үрдiстегi белсендiлiгiн үнемi қолдайды, олардың пәнге деген қызығушылығын дамытады және жақсы бiлiм сапасына қол жеткiзедi. Оқушылардың жас және психологиялық ерекшелiктерiн терең бiлу мұғалiмге сабақ өткiзу кезiнде жоғары нәтижелерге жету үшiн өзiндiк және әдiстемелiк сауатты шешiмдер табуға мүмкiндiк бередi.

Клара Тилабековна «Мәңгiлiк ел ұстаздары» республикалық педагогикалық антологиясына енгiзiлдi. (2017 ж., 57 б.) Солтүстiк Қазақстан облысы бiлiм басқармасының атынан облыстың бiлiм беру жүйесiн дамытуға қосқан зор үлесi үшiн алғысы, дипломдар, Құрмет грамотасы (2017-2019 жж.), Мектеп бiлiм беру жүйесiндегi мiнсiз еңбегi, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қол жеткiзген жетiстiктерi үшiн облыс әкiмдiгiнiң алғысы (2018 ж.), Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнен алғыс (2019 ж.), «Экология, инженерия және педагогика» Халықаралық Ғылым академиясы «Халықаралық қоғамдық қорынан бiлiм беру үздiгi» медалiмен марапатталды (2019 ж.)

Клара Тилабековна биология пәнi бойынша «Биологиялық есептерiн шығару және құрастыру жолдары» факультативтiк курсының авторлық бағдарламасын (2019 ж.), сондай-ақ, «Биология пәнiнен 8 сыныпқа арналған тақырыптық тест және тапсырмалар» (2018 ж. қаңтар), «7 сынып биология пәнi бойынша бөлiм бойынша және тоқсандық бойынша қорытынды тарсырмалар» (2018 ж. 16 қазан), «Биологиялық есептер» (2019 ж.) әдiстемелiк құрал әзiрлеушi болып табылады.

Клара Тилабековна өз пәнiне деген қызығушылық пен сүйiспеншiлiкке көп көңiл бөледi. Дарынды балалармен ғылыми жұмыс жүргiзедi. Оның дәлелi облыстық, республикалық деңгейдегi, халықаралық деңгейдегi ғылыми жобалар байқауларында жүлделi орындар, мысалы, «Человек-Земля-Космос» 1 орын, «Ғылым әлемiн ашамыз» Халықаралық ғылыми жобалар конкурсында 3 орын алды..

Педагогикалық этиканы ұстанады, бiлiм алушылар мен педагогтардың қадiр-қасиетiн құрметтейдi. Клара Тилабековна әрiптестерiнiң, бiлiм алушылардың және ата-аналардың арасында лайықты беделге ие.

«Үздік педагог-2020» байқауының облыс кезеңінің конкурстық қазылар алқасының шешімі

Бағалау парағы балдарының қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Үздік педагог 2020» республикалық конкурсының ІІІ кезеңіне қатысу үшін 14 педагогты анықтады:

  1. Абилова Жанар Жаметовна — «Абу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
  2. Арыкпаева Гульнара Араповна — Петропавл қаласы, «БЭСТ гимназиясы» КММ француз тілі мұғалімі;
  3. Балабекова Клара Тилабековна- Петропавл қаласы «Қалалы классикалық гимназия» КММ биология пәні мұғалімі;
  4. Баязитова Айсулу Амангельдиевна — Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы «№ 2 Новоишим ОМ» КММ физика пәні мұғалімі;
  5. Букенов Ерлан Жумабекович — Айыртау ауданы «Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
  6. Венинг Марина Ивановна — Шал ақын ауданы «Социалистік Еңбек Ері Есим Шайкин атындағы орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
  7. Гамирова Светлана Анатольевна — Петропавл қаласы, «Н.К. Крупская атындағы №10 ОМ» КММ шағын орталығы музыкалық жетекшісі;
  8. Грушина Маргарита Николаевна — Петропавл қаласы, «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  9. Жанабекова Жанар Тұрсынова — Қызылжар ауданы «Парасат» мектеп-лицейі» бастауыш сынып мұғалімі;
  10. Жунусов Марат Медноевич — Қызылжар ауданы «Мирас» бөбекжай-бақшасы МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы;
  11. Мәкен Ерлан Зайтонұлы — Петропавл қаласы «№21 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
  12. Рыбалкина Ольга Викторовна — Есіл ауданы «Моншақ» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі;
  13. Сыздыкова Назира Боркеновна — Шал ақын ауданы «Кеңес орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі;
  14. Чернов Алексей Валерьевич — «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.
Дата публикации
25 сентября 2020
Дата обновления
24 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы