Меню

Страницы

Статья

Аспазшы, кондитер – безендіруші TED - сөз сөйлеу

Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаев  2024 жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Қазақстан Президенті ерте кәсіптік бағдар берудің маңыздылығын атап өтті. Жоспар аясында мектеп пен колледж  арасында кәсіптік бағдар күшейтілді, өйткені оқушыларда Мамандық таңдау мәселесі өзекті болып қала береді. Осыған орай «И.Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжі» КММ – нің аспазшы, кондитер – безендіруші біліктілігі бойынша өндірістік орқыту шеберлері мен студенттер "И. Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхана" КММ  -де 2025 жылдың 7 қазанда өткен TED - сөз сөйлеуіне қатысты.  Аталған іс шараға «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ, «Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ оқушылары келді.

 Іс шараға қалалық балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері Плотникова Инга Николаевна шақырылды. Инга Николаевна 2025 жыл Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін жаңа көкжиектер ашатынына назар аударады. TED - сөз сөйлеу форматында колледж өкілі жұмысшы мамандықтар жылы аясында қандай іс-шаралар атқарылып келетінін, колледж мамандықтары туралы жеке тоқталып, оқуға түсу ережелерін айтып берді, әрі қарай кондитер – безендіруші біліктілігін бастаған, 2 курс студенттері оқушыларға оқу өндірістік сабақтары жайлы, және оқу жылдың басынан бастап қандай кондитерлік тағамдар жасағанын арнайы бейне роликте көрсетті. Іс шара  ашытқы қамырдан түрлі тоқаштарды жасау, үлгілеу шеберлік – сабағымен жалғасты, шеберлік сыныбына мектеп оқушылары белсене қатысты. Осындай іс – шаралар оқушыларға болашақта дұрыс шешімге келіп, мамандықты таңдай алатынына селпініс береді. Кәсіптік бағдар жұмысы аясында осындай іс – шаралар әрі қарай жалғасын табады.  

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы